25 Қыркүйек, 2018
Қателігіңізді өзгертуге мүмкіндігіңіз бар

Адамзат баласының барлығына бірдей қателік жасау деген қадам ортақ табысталған. Жер бетінде бірде-бір қателік жасамай, тура өмір сүрген адам жоқ. Бірақ қателікті уағында түзету мен сол қате жолда жүре беру бөлек бағыттар.


Өзіңіздің қателігіңізді сезсеңіз, дер шағында түзетіп, тура бағытқан түсудің абзал екенін өзіңіз де білесіз. Ешкім тура жолда жүрмейтінін жоғарыда айтып өттік.



Сондықтан, өзіңіздің қателігіңізді сезсеңіз, оны түзетуге амал жасаңыз. Бұл – сіздің өмірдегі дұрыс бағытқа қарай басқан нық қадамдарыңыздың бірі боламақ.



Ал қателіктің бар екенін біле тұра, сол бағыттан өзгеруге құлшыныс танытпау әбестік.



Өзіңізді өзіңіз сыйласаңыз, дұрыс жолда жүруге тырысыңыз. Бұл – сізді жетістікке жетелейтін даңғыл соқпақ.


ruh.kz
Nurlybek Buhpin