20 Ақпан, 2018
Қазақ әліпбиін латын қаріпіне көшіру туралы жарлыққа өзгерістер енгізілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 жарлығына өзгерістерге қол қойды.


Мемлекет басшысы қаулы етті:



1. «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:



аталған Жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.



2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Жарлыққа қосымшаны https://docs.google.com/viewerng/viewer?url=http://www.akorda.kz/upload/media/files/785986f23c47a407facbfa52b935fc85.doc">мына жерден көруге болады.


akorda.kz