20 Желтоқсан, 2017
Қазақстан мен Ресейдің сарапшылары сакральді географияны зерттеуде күш біріктіреді

Қазақстандық және ресейлік мамандар сакральді географияны зерттеуде күш біріктіреді, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі  елшілігі.


Өскеменде «Ресейлік-қазақстандық шекарадағы мәдени құндылықтар» халықаралық конференциясында тарихшылардың, археологтардың, өлкетанушылары мен музей жұмысшыларының, туризм саласының мамандары, екі елдің мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлерінің басы қосылады.  



Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның киелі жерлері» жобасын ұсынған болатын.




«Ұзақ жылдар бойы жақсы көрші болғандықтан және Қазақстан мен Ресей халықатрының бірге өмір сүруіне байланысты, сонымен қатар маңызды киелі жерлердің екі шекарада бірдей орналасуына байланысты оларды бірлесіп зерттеуге уақыт келді», - деп хабарлады елшіліктен.




Сонымен, тараптар қазақстандық-ресейлік шекарадағы  тарихи-мәдени құндылықтарды сақтап қалу, насихаттау мен проблемаларын талқылайды.  


ruh.kz