21 Қыркүйек, 2017
Қазақстан Президенті туған ауылында болды

Мемлекет басшысы Қарасай ауданындағы музей құрылысымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.


Мемлекет басшысы Қарасай ауданындағы музей құрылысымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.



Елбасы музей экспозициясында ел Тәуелсіздігінің барлық кезеңдерін, соның ішінде Қазақстанның жаңа елордасы - Астананың салынуын қамту қажет екенін атап өтті.



Музей жанында тәуелсіз Қазақстанның тарихи даму кезеңдерін бейнелейтін барельефті панно салынатын болады. Оның ортасына Мемлекеттік тудың тұғырын орналастыру жоспарланған.





 



Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласына және Алматы облысына жұмыс сапары барысында Шамалған ауылына барып, ауылдастарымен бейресми әңгіме өткізді.



Музей құрылысы жеке адамның қаражаты есебінен жүргізілуде. Нысанның құрылысы биылғы 1 желтоқсанда аяқталады деп жоспарланған.


akorda.kz