7 Қазан, 2018
Қазақстанда Франция мәдениетінің маусымы бастау алды

Алматы қаласында Қазақстандағы Франция мәдениетінің маусымы басталды. Аталмыш маусым аясында «Цифрлық күз -  2018» фестивалі өтеді.  


Фестиваль ерекше концерттен басталады деп күтілуде. Яғни, аталмыш шара интерактивтік жоба мен бағдарламалау тілінде әзірленген смартфондарға арналған қосымшалар жүйесінен тұрады. Бір сөзбен айтқанда, бұл смартфондар мен орындаушылардан тұратын хор деуге болады. Жалпы фестиваль бағдарламасы өте қызықты және тың идеяларға толы болмақ.  



«26-30 қазан аралығында Қазақстанда Франция мәдениетінің маусымы аясында француз тіліндегі анимациялық фильмдер фестивалі өтеді. Оның аясында әлемдегі ең беделді анимациялық өнер мектебінің өкілдерінің қатысуымен анимациялық киноларды әзірлеу бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылады». Сонымен қатар, қатысушылар өнер мен инновациялық технологиялар бірлескен сандық көрмені тамашалай алады.


Ruh.kz
toppress.kz