12 Қараша, 2018
Қазақстандағы ең танымал 10 кітап

«Меломан» сауда желісінің тұтынушыларының  сұранысына ие 10 кітап аталды.


Сарапшылардың мәліметтеріне сәйкес, 2018 жылдың басынан бері Михаил Лабковскийдің «Хочу и буду: Принять себя, полюбить жизнь и стать счастливым» осы кітабы жақсы сұранысқа ие болған. Сатылым деңгейі шамамен 8 мың данаға жеткен.





Кітаптың аннотациясында, психолог Михаил Лабковский айтуынша,  адамның бақытты болуға және қалаған нәрсесін істеуге құқығы бар. Оның  кітабы адам өзін-өзі түсіну, үйлесім табу және өмірге деген көзқарасын жақсарту, қуануды үйрену туралы. Автор психикалық салауатты өмір салтына кедергі келтіретін себептерді зерттейді: біздегі қорқыныш, өзін тыңдай алмау және басқа адамдармен қарым-қатынас дұрыс құру қайдан пайда болады? Бұл кітаптың мақсаты-әрбір адамның жеке бақыты жайында айтылған.



«Серебро - у «Гравити Фолз». 3 күнделік





«Диппер – «Гравити Фолз» мультсериалының басты кейіпкерлерінің бірі. Бұл жұмбақ «автормен» жазылған, бұрын ашылмаған құпия, монстр туралы ақпарат және Гравити Фолз түнгі қалашығындағы оқиғаларға байланысты жұмбақтап жазылған кітап.



Халықаралық  Қазақстандық рейтингте сұранысқа ие ең көп кітаптардың ондығына Дэн Браунның «Шығу тегі» бестселлері ие болды. Бұл американдық жазушы Роберт Лэнгдонтің мистикалық романы бесінші бөлігі.





Төртінші орында – «Куриный бульон для души: 101 вдохновляющая история о сильных людях и удивительных судьбах». Авторы -  Эми Ньюмарк.





«Куриный бульон для души: 101 вдохновляющая история о сильных людях и удивительных судьбах». Бұл рухани жараларды емдейтін және рухты нығайтатын, сіздің арманыңызға жаңа қанаттар беретін және ең үлкен бақыт құпиясын ашатын кішкентай оқиғалармен бөлісу. Қарапайым отбасынан шыққан кішкентай бала үш Президентпен танысады. Жалғыз басты ана тілек кітабын бастайды - оның барлық армандары орындалады. Обыр ауруы бар актриса денсаулығына қарамастан, шынайы бақытқа ие болады. Қаланың ең әдемі қызы сүйкімсіз жігіттің 2 сөзіне ғашық болады. Мұғалім сабақ орнына жерлеу жасайды. 13 жасар қыз 45 526 қорап  тәтті нан сатады. Осы сияқты басқа да 95 керемет оқиғалар жайында жазылған кітап.



Дмитрий Портнягиннің «Трансформатор. Как создать свой бизнес и начать зарабатывать» кітабы  бесінші орында. Әңгіме барысында Дмитрий бизнестегі үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін 40  ережемен бөліседі. Бұл - өз өмірінің 10 жылдық тәжірибесі.





Грегори Дэвид Робертстің «Шантарам»  кітабы тізімнің 6-орынын иеленді.





Романның кейіпкерінің қиын тағдыры және оның көп жыл бойы заңнан қашып жасырынғаны жазылған. Әйелімен ажырасқаннан кейін ата-ана құқығынан айырылған ол есірткіге құмарланып, бірнеше тонау жасайды, австралиялық сот он тоғыз жылға қамау жазасына кесілді. Қатаң тәртіптегі түрмеден екінші жылы қашып, Бомбейге жетеді. Онда уақытта  фальшивомонетші және контрабандашылардың қолына түміп, қару саудасы және үнді мафиясын бөлшектеуге қатысадыдты, осындай қиын қыстау уақытында  өзінің шынайы махаббатын табады.



Борис Акунин Фандориннің  «Не прощаюсь. Приключения Эраста Фандорина в ХХ веке» атты еңбегі 7-орында.





8-орында Наталья Зубаревойдің «Вальс Гормонов: вес, сон, красота и здоровье как по нотам» қыздарға және денсаулыққа арналған арналған энциклопедия кітабы.





9-орында  әлі күнге дейін сұранысқа ие «Гарри Поттер и Философский камень» авторы Джоан Роулинг.





2018 жылдың сұранысқа ие кітаптарының 10-орнына ие болған «Тонкое искусство пофигизма: Парадоксальный способ жить счастливо». Авторы - Марка Мэнсона. Бұл кітап бақытқа апарар жол жайында жазылған.




ruh.kz
tengrinews.kz