5 Ақпан, 2018
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары Теміртау қаласының жастарымен кездесті

Теміртаудағы Бірінші Президенттің тарихи-мәдени орталығында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының қарағандылық жеңімпаздарымен кездесу өтті.



«Біз жобаның жеңімпаздары-жерлестерімізді өз жұмыстары, жетістіктері туралы әңгімелеп беру үшін шақырттық. «Қазақстанның 100 жаңа есімдері» жобасы ұзақмерзімді, жәнеде ол патриоттық маңызға ие. Бұл – еліміздің түпкір-түпкірінде тұратын, жастары, кәсіптері әртүрлі, өз жетістіктерімен қазіргі заманғы Қазақстанның тарихының дамуына үлес қосқан және өз ісін жалғастырып жатқан нақты адамдардың тарихы. Мұндай адамдар өскелең ұрпақ үшін жақсы үлгі болып табылады. Бүгінгі күні жастарға жауапкершілік, мақсаттылық, іскерлік ақыл секілді әдеттерді баулу керек», - деді Бірінші Президент тарихи-мәдени орталығының директоры Саида Саргизова.




Айта кетейік, жобаның 102 жеңімпаздарының қатарына алты қарағандылық енді. Олардың үшеуі – медицина мамандары: хирург Нұрқаси Абатов, нейрохирург Ғабит Махамбаев және ортопед-новатор Роза Әлімханова. «Қоғам» номинациясында Ұлттық құрметке екі қарағандылық ие болды: өртеніп жатқан пәтерден төрт баланы алып шыққан учаскелік полицей Дәурен Әлтаев және жарылған граната бөлшектерінен өз денесімен жас сарбазды жауып қалған ҚР Ұлттық гвардиясының офицері Қайрат Үмбетов – ерлігі үшін оған «Халық қаһарманы» атағы берілді. Жәнеде «Спорт» номинациясында NOMAD MMA аралас жепке-жектің ұлттық стилінің негізін қалаған жаттықтырушы Сергей Ан жеңімпаз атанды.



Жалпы, бұл кездесуге тек төрт жеңімпаз ғана келе алды: Роза Әлімханова, Дәурен Әлтаев, Қайрат Үмбетов және Сергей Ан. Қонақтар өздері туралы айтып, сұрақтарға жауап берді.



Кездесулерді алдағы уақытта да жалғастыру жоспарланып отыр. Оған басқа аймақтардың кейіпкерлері қатысады деп болжам жасалуда.



Бұдан басқа, орталықтың көрмелік галереясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының барлық жеңімпаздарын ұсынатын экспозиция ашылды.



Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстанның 10 жаңа есімі» жобасының идеясын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласында ұсынған болатын. Өтінімдерді қабылдау 2017-ші жылдың 7-ші маусымында басталды. Келіп түскен 2000-нан астам әңгімелердің ішінен мамамен 300-ге жуық ең қызықтылары іріктелген. Үміткерлерді 100esim.el.kz. порталында жалпыұлттық онлайн дауыс беруге салды. Жүз адаммен шектелу мүмкін болмады – нәтижесінде 102 жеңімпаз таңдалды. 1-ші желтоқсанда форум барысында олармен еліміздің Президенті кездесті.


ruh.kz...