17 Қараша, 2018
«Қазақстанның қасиетті географиясы». Сырдария өзені

Сырдария – Қазақстандағы ең ірі өзендердің бірі болып табылады. Орталық Тянь-Шань сілемдерінен бастау алған. Нарын мен Қарадария өздерінің қосылған жері Сырдария деп аталып кеткен.


Өзен Арал теңізіне апарып құяды. Жалпы ұзындығы 2219 км, су жинайтын алабы 462 мың км кв. Су жиналатын алабы 240 мың км кв.  Қазақстан жеріндегі Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда обылысы құмды келеді аймақ. Қызылқұмның солтүстік және Арал Қарақұмының оңтүстігімен ағады. Сырдарияның 130-ға жуық саласы бар.



Өзенде сазан, көксерке, табан, ақмарқа, қаяз, жайын, т.б. балықтар бар. Деңгейі сәуір айынан көтеріле бастайды, маусым-шілде айларында ең жоғары шегіне жетеді. Содан кейін суы азая түседі.  Өзен Түркістан қаласына дейін желтоқсаннан бастап қатып, наурыздың аяқ кезінде мұз ери бастайды. Мұзының қалыңдығы ақпан- наурыз айларында 66-68 см-ге жетеді. Суының орташа температурасы жаз айларында 23-25 С-қа ,кейде 29 С-қа дейін көтеріледі. Суы мол жылдары Қазалы қаласына дейін кеме жүзген. Сырдария алабында Жаңадария, Қуандария сияқты көне құрғақ арналар көп кездеседі; бұлардың көпшілігі суару-суландыру каналдарына айналдырылған.



Жалпы мәлімет бойынша ХІХ –дың ортасынды Сырдария атырауында 3 мыңға жуық көл (қазіргі уақытта 123 көл) болғаны айтылды. Сырдария бойы ежелгі заманнан бері халық тығыз қоныстанған, суармалы егіншілік кеңінен дамыған мәдениет ошақтарының бірі болған.  Көне грек жазбаларында Сырдария өзені «Яксарт» деп аталған. Ал Әл-Беруни кезеңіне дейін «Хасарт» деп аталған. Сыр бойын алғаш зерттеген орыс саяхатшылары Д. Гладышев және И. Муравиннің  жазба есептерінде Сырдария деп жазылған.



ХVIII-XIX ғ. және  ХХ ғ-дың орта кезінде Сырдария өзенінде су тасу жиірек болған. Бізге жеткен деректер өзен суының 1879, 1889, 1907, 1903, 1908, 1921, 1922, 1925, 1950, 1960 жылдары қатты тасығанын дәлелдейді. Бұл құбылыс 2003-04 жылдардың көктемінде қайталанды. Өзенді зерттеушілердің бірі Н.А. Северцев 1859 ж. Сырдария өзенінің Қазалы қаласының тұсындағы енінің 100 – 200 сажан болғанын, сондай-ақ 1857 ж. Жаңадария өзеніндегі қатты ағысты көргенін жазады. Ол жылдар Сырдария өзенінен тартылған 600-дей арық болған. 1958 ж. Жаңадария, 1961 ж. Қуандарияның аранасымен су аққан.



Бүгіндері ізі сақталған Аламесек, Жамандария сияқты өзен, көлдерін бойымен 19-ғ. шағын кемелер жүзген. Бүгінгі Сырдария аңғарын реттеп, сулы егістік (күріш, мақта, бау-бақша) пен шабындықтарды суаруға және суландыруға тиімді пайдалану үшін өзен бойында бірнеше бөгендер мен каналдар салынған.



Өзен суының кейінгі 20-30 жыл ішінде қарқынды игерілуіне байланысты 1975-80 жылдардан бастап Сырдария Арал теңізіне жетпей тартылып қалатын болды. Қазіргі уақытта Сырдария өзені алабының суын мемлекетаралық бөлу халықаралық үйлестіруші су шаруашылық комиссиясының бақылауымен жүргізіледі. Қазір (2005) Сырдария Кіші Арал жылына 46,7 млн м3 су береді. Кіші Аралдардың қазіргі шамасында 24 млрд.м3 су жиналған.



Келешекте ол 30 млрд.м3-ге жетеді. Сырдария бойында Шардара, Қызылорда, Қазалы қалалары және көптеген ірі кенттер, елді мекендер орналасқан.


Ruh.kz
Nat-geo.ru