28 Қараша, 2017
Қазақстанның спортшылары жарыста жақсы нәтиже көрсетті

Жамбыл облысында еркін күрестен мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевты еске алуға  арналған ересектер арасындағы халықаралық турнир өтті. 


Жарысқа Қазақстан Республикасының және алыс-жақын шет мемлекеттердің құрама командаларынан 168 спортшы қатысты (Жапония, Польша, Украина, Ресей Федерациясы, Бразилия, Моңғолия, Грузия, Беларусь, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан). 



Ұйымдастырушылардың хабарлауныша, қатысушылар: 57 кг, 61 кг, 65 кг, 70, 74 кг, 86 кг, 97 кг, 125 кг салмақ дәрежелерінде сынға түсті.



Жарыстың өткiзiлуiне Қазақстан Республикасы грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясы, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, Жамбыл облысының грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясы басшылық етті.



Айта кетейік, ҚР Ұлттық құрама командасы төмендегідей нәтиже көрсетті:



57 кг салмақта – Қуатбек Мұхамбет (ОҚО)– 3 орын;



61 кг салмақта – Айтқұлов Тимур (Қостанай облысы) – 3 орын;



61 кг салмақта – Санаев Нұрислам (Ақтөбе облысы) – 2 орын;



65 кг салмақта – Аширов Мейіржан (Жамбыл облысы) – 3 орын;



74 кг салмақта – Сақаев Болат (Алматы қаласы) – 2 орын;



86 кг салмақта – Дауланбаев Әділет (Алматы қаласы) – 1 орын;



97 кг салмақта – Ибрагимов Мамед (Павлодар облысы) – 1 орын;


ruh.kz
ЖО ІСБ