26 Қазан, 2018
Кедергіден қорықпа! Сәттілік әлі алда!

Кедергілер – жер басып жүрген әрбір адамның алдынан шығатын дүние. Кедергілерден қорқып, одан қашып құтыламын деу – бос әурешілік.


Деңгей жағынан түрлі кедергілер әрқашан және әрбір салада, әр бағытта кездеседі. Оның адамға тигізер залалы да, қызметке етер кері әсері де, тиісінше, әртүрлі.



Кедергілерден қорқу, олардан қашу – адам санасына сенімсіздік ұялатады. Ал сенім болмаған жерде мүддеге жету екіталай.



Кедергілер – бүгінгі ғана мәселе. Одан қорықпау керек, керісінше, оны жеңудің жолдарын қарастырған жөн.



Кедергілерден қорықпа! Сенімді бол! Сәттілік әлі алда! Сенің қолыңнан келеді!


ruh.kz
Nurlybek Buhpin