1 Наурыз, 2018
Керекулік Қаршыға Шаяхметовтің «Құркөл өңірінің тарихы» кітабының тұсауы кесілді

Бүгін Ақсу қаласы Орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Ақсу қаласының құрметті азаматы, «Қазақ тілі» қоғамы төрағасының орынбасары, бірнеше кітаптардың авторы Қаршыға Шаяхметовтің «Құркөл өңірінің тарихы» атты кітабының тұсау кесілді.


Аталмыш кітап туған өлке тарихын білуөзімізге кім екенімізді, бабаларымыздың кім екенін танып білуге, өткенді бағалап, қазіргі таңды түсінуге, болашаққа көз тастауға, халықтың рухани жаңғыруына көмектесугемүмкіндік береді. Ұрпақтың санасына тарихи құндылықтарды сіңіру арқылы жаңа ұрпақты қалыптастыруда өте маңызды.



Кітапқа Ермак ауданының, Құркөл ауылының тарихы, ҰОС қатысушылары, атақты жерлестері, құрметті азаматтары және еңбек сіңірген ұлағатты ұстаздары туралы құнды деректер енген. Басылым Құркөл ауылының тарихына  қызығушылық танытқандарға  баға жетпес  көмекші құрал. Қазақ тілінде жарияланған кітаптың тиражы 100 дана.



Тұсау кесер рәсіміне қалалық Мәслихат хатшысы, ауыл округтері әкімдері, Ардагерлер кеңесі, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік мекеме басшылары, қаламгерлер мен оқу орындарының мұғалімдері қатысты.



Сондай-ақ, кітапқа Целинный ауылдық кеңесі халық депутаттары, батыр аналар, ауыл зейнеткерлерінің 1990 жылғы тізімі мен ауыл оралмандары туралы деректер енген.



Айта кетер болсақ, Қаршыға Қабыкенұлы Шаяхметов 1945 жылдың 25 қазанында Павлодар облысы, Каганович ауданының Құркөл ауылында дүниеге келген.



 



 


ruh.kz.