16 Қазан, 2020
Х Қасым Аманжолов оқулары қашан өтеді?

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2020 жылдың 21 қазан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» атты республикалық дәстүрлі Х Қасым Аманжолов оқулары өтеді. 

Шараның мақсаты – дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың шығармашылығын насихаттау, өлеңдеріндегі және аудармаларындағы өнегелі өсиеттерін дәріптеу, «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру.

Дәстүрлі Х Қасым оқуларында 16 мен 25 жас аралығындағы жастар Қасым Аманжоловтың шығармаларын көркем шеберлікпен жатқа оқу аталымы бойынша бақтарын сынайды.
Байқау онлайн-форматта ZOOM платформасында өтеді.

Х Қасым Аманжолов оқуларына Алматы қаласы, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарынан өтінімдер түсті.


Қасым оқуларының арнайы қонағы әрі қазылар алқасының мүшесі – ҚР президенттік және мемлекеттік стипендияның иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ақын Танакөз Толқынқызы. (Нұр-Сұлтан қаласы)

Аталмыш шара барысында Республикалық дәстүрлі Х Қасым Аманжолов оқуларының аясында жарық көретін «Qasym» сериясының ІII кітабының ресми таныстырылымы өтеді.

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы


Ruh.kz