4 Қараша, 2019
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»

2019 жылғы 31 қазанда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» Тұжырымдамасын қабылдау аясында мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа аспектілері» атты облыстық конференциясы өтті.

Қарағанды облысында «Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатына сәйкес жыл сайын ҮЕҰ фестивалі өткізіледі, оның шеңберіндегі басты іс-шара ҮЕҰ облыстық конференциясы болып табылады.

Конференцияның мақсаты - үкіметтік емес сектор қызметінің өзекті мәселелерін талқылау, билік органдарының азаматтық қоғам институттарымен, халықтың белсенді бөлігімен тиімді ынтымақтастығын құрудағы мәселелер және олардың шешу жолдары.

Конференцияға ҮЕҰ, саяси партиялар, кәсіподақтар, БАҚ, ЖОО, Мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Конференция аясында облыстың барлық өңірлерінен үздік әлеуметтік жобалар көрмесі болды. Сонымен қатар, қатысушылар Жезқазған қаласындағы «Заман жарғысы» ҚБ-нің «Аланым» жастар театрының орындауында «Сән әлемі» мюзиклін тамашалады. 

28a78b947e6de9419b5a1e436f4b15d3.jpg

Конференция пленарлық отырыстар, пікірталас алаңдар форматында өтті. Пікірталас алаңында келесі сұрақтар қарастырылды:

·        «ҮЕҰ және салауатты өмір салтын қалыптастыру және таланттарды қолдау мақсатында бұқаралық мәдениет пен спортты дамыту мәселелері»

·        «Білім және ғылым - қоғам қызметінде?»

·        «Әлеуметтік бюджет

·        - миф немесе шындық?»

·        «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріндегі азаматтық қоғам институттарының рөлі: бірлескен іс-қимылдар»

Бұл 16-шы рет өткізіліп отырған дәстүрлі жыл сайынғы облыстық ҮЕҰ конференциясы. Мұнда біз ҮЕҰ мен мемлекеттің тиімді ынтымақтастық тәсілдерін талқылаймыз. Мұндай кездесулер біздің өңір үшін өте маңызды мәселелерді шешуге және пікір алмасуға мүмкіндік береді, - дейді Қарағанды облысы Азаматтық альянсының президенті Гүлнар Құрбанбаева.

Оның айтуынша, биыл конференция тақырыбы ерекше. Бұл азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының дамуы. Бұл тұжырымдаманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында айтты.

- Жолдауда сондай-ақ Қазақстанның алдында тұрған жаһандық міндеттерді шешуде үкіметтік емес сектордың, қоғамдық ұйымдардың мәселесі қойылған. Биылғы жылы ҮЕҰ конференциясында біз бұқаралық мәдениет, бұқаралық спорт неге дамымай, сыбайлас жемқорлық мәселесі бұрынғысынша өзекті болып табылатыны туралы егжей-тегжейлі әңгімелеуді шештік. Біз бір ҮЕҰ белсенді жұмыс істеп жатқанын, ал басқалары тек сын үстінде екенін ашық айтуға тиіспіз. Неге бір мемлекеттік орган ҮЕҰ-мен жұмыс істеуге уақыт табады, ал басқалары жоқ, - дейді Гүлнар Құрбанбаева.

Абзал Нүкенов 

Мемлекетпен ынтымақтастық үкіметтік емес ұйымдардың бастамаларын неғұрлым тиімді іске асыруға көмектеседі. Бұл туралы ҮЕҰ өкілдерінің өздері де айтып отыр.

- Қарағанды облысының үкіметтік емес ұйымдары біздің қоғам қызметінің барлық салаларын қамтиды. Бүгінде ҮЕҰ өкілдері қоғамдық кеңестерге, мемлекеттік құрылымдар жанындағы консультативтік органдарға кіреді. Үкіметтік емес сектор аумақтар мен салалар бойынша мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимыл жасауы қажет. Бұл бағытта бізге үлкен жүйелі жұмыс қажет, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов.

Сондай-ақ қатысушылар облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтың қатысуымен ағаш отырғызды. Конференцияның соңында үздік ҮЕҰ, мемлекеттік органдардың ҮЕҰ серіктестері марапатталды. Іс-шараның нәтижесі ұсыныстар қабылдау болды.

Қарағанды облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі