15 Желтоқсан, 2017
ҚХА-ның солтүстік облыстық филиалы жыл бойы атқарылған жұмыстарға есеп берді (ФОТО)

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қорытынды форумы өтті.


Елбасымыздың сауатты және көреген саясаты арқасында, басқа елдерде аналогы жоқ, Қазақстан халқы Ассамблеясы бірегей институтымен Қазақстан әлем аренасында тәуелсіздік, мықты және көп ұлтты мемлекет ретінде белгілі. Ассамблеяға бейбітшілік пен бірлікті сақтауға және нығайтуға басты рөл берілген. Осы жылы, мемлекет басшысы - Н. Ә. Назарбаев бағдарламалық мақалада қойылған міндеттерді тиімді шешетін ҚХА-ның «Туған жер» және «Қазақстанның 100 есімі» атты басты жобаларын атап өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының меретойлық сессиясы болды.



Облыстық форум «Алуа» халықтық би ансамблі дайындаған жарықты флеш – мобтан басталды.



«Облыстық ассамблеяның алдағы жұмысы өте көп, олар: республикалық жобалар және аумақтағы іс шаралар. Бүгін, форумда қорытындылар шығарып, Ассамблеяның дамуына үлес қосқан адамдарды атамауға болмайды», - деді облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет.



Ұлттық бірлік пен қоғамдық келісім дамуына елеулі үлес қосқан үшін Қазақстан Республикасының Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Құрмет грамотасымен түрік этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Диляра Хасанова марапатталды. Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы алғыс хатымен Күлімкөз Смаилова марапатталды. Ал, облыс әкімі грамоталарымен Ғабит Мүсірепов атындағы және Есіл аудандарының СҚО ҚХА құрылымдарының белсенділері марапатталды. Адал еңбегі мен дінаралық келісім дамуына белсенді қатысқан үшін «Қоғамдық келісім» КММ жетекші сарапшысы Динара Елеуова марапатталды.



Үш жыл бойы, біздің жерлестеріміз Қазақстан халқы Ассамблеясының «Н. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік қазақстандық моделіне арналған ғылыми жобалар байқауы», «Мың бала» ғылыми-ағартушылық байқауы», журналистика саласында өтетін «Шаңырақ» шығармашылық байқаулары сияқты республикалық жобаларында жүлделі орындар алады.



Ғылыми жобалар байқауында 1 дәрежелі дипломымен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, педагогика магистрі - Юлия Кузьменко марапатталды.



«Мың бала» байқауында жүлделі орындарға ие болған қала мектептерінің оқушылары: Анна Николаева, Дарья Быкова, Даниил Ескендиров және Аббас Дурсунов облыс әкім құрмет грамоталарымен марапатталды.



«Шаңырақ» шығармашылық байқауында құрмет орындарына ие болған жергілікті БАҚ-ағы журналисттер де аумақ басшысымен белгіленіп, сыйлықтар алды.



«Осы жылы, «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала шеңбірінде «100 жаңа есім» атты республикалық жоба бас алды. Біздің облысымыздан 8 адам бұл құрметті тізімге кірді. Қорытынды форумда көрермендер бұл жобаның қаҺармандарымен таныс болды», - делінген хабарламада. 


ruh.kz
СҚО ІСБ