16 Қыркүйек, 2018
Кім айтты саған оңай болады деп?!

Оқушыдан сұрайтын болсақ, мектеп кезі ең қиын шақ деп айтады. Ал студенттер болса, сессиялар барысында шаршап, үлкен өмірді аңсайтындарын жеткізеді. Қызметтегі адамдардың жауабы белгілі.


Сонымен, өмір сүру оңай ма?! Ал егер адамзаттың өмірінде қиындықтар мен күрделіліктер болмаса, біз бақыттырақ боламыз ба? Бұл сәтте біз бақыттың дәмін қалай білетін едік?! Бақыт - бұл бізді жол соңында күтіп тұрған үлкен сый емес, біздің осы жолда бастан кешетін сәттеріміз бен сәтсіздіктеріміз.



Сіз қандай шешім қабылдасаңыз да, қиындықтар әркез орын алады. Үнемі сәттілікке үміттену - үлкен қателік. Өзіңіздің күшіңізге үміттеніңіз. Ақылыңыз бен бойыңыздағы дарыныңызға сеніңіз. Сізді қандай да бір нәтижеге қол жеткізетін тек өзіңіздің осы жолда жасайтын қадамдарыңыз екенін анық түсіне біліңіз. Ешқашан оңай болмайды. Ал қиындықтарды күле қарсы алып, қасқая қарсы тұра білу - табысқа бастайтын бірегей жол.


ruh.kz
Nurlybek Buhpin