2 Тамыз, 2018
Қыран құстай биік самға!

Биікке қол созу – дамудың алғышарты. Қол созу мағынасын мақсат қою деп түсінген абзал. Кез-келген мақсаттың алғышарты, алғашқы қадам осы қол созудан басталады. Қол созған адам жетістік шыңының өзінен қол созым жерде тұрғанын көреді және жету үшін бар күшін салады. Ал адам күші барлығынан жоғары тұратыны анық.


Тақырыпта қыран құс мысалға алынған. Не үшін қыран құстай самғау керек? Сен өзіңді балшық жағалап жүретін көкқұтанға немесе өлексе жеп күнелтетін қорқақ күшігенге теңейсің бе? Рас, әрбір адам өз бейнесінен қыран мінезді, қыран тағдырды көргісі келеді. Шынтуайтында қыранға айналу үшін не істемек керек?



Бізде өзінен төменгі дәрежедегілермен өздерін салыстырып тәубә жасайтын жаман әдет бар. Сонан кейін алға жылжу, дамуға деген талпыныс өз күшін жояды. Тіпті, рухани құлдырау қаупі де арта түспек.



Неге өзіңді дәрежесі өзіңнен биік, жағдайы тамаша, білімі жоғары, жетістікке жеткенадаммен салыстырмасқа?! Есіңді болсын, адамның қолынан келген әрекет екіншісінің қолынан келеді. Ал егер сен ойлаған бағытта ешкім ештеңе жасамаған болса, алғашқысы болып жаса!



Тек қана алға ұмтыл! Бір орында тұрып қалу жөн емес, қате! Қыран бол! Аспан дүниесін қыран қалай бағындырса, жер бетінде сен солай қимылда, әрекет ет!


ruh.kz
Nurlybek Buhpin