14 Тамыз, 2019
Кітап оқудың пайдасы (фоторепортаж)

Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. («Рухани жаңғыру» мақаласынан)

Адамның тұлға болып қалыптасуына көп факторлар әсер ететіні анық. Ата-ана, қоғам, сана, әдет-ғұрып және рухани азық. Сыртқы және ішкі құбылыстар өзара гармонияда болған күні әр баланың ертең тұғыры биік тұлға болып шығатынына кепіл беруге болады. Бүгінгі фоторепортажымызды рухани азықтың бірі – кітап оқуға және оның пайдасына арнаймыз.  

0Z9A3400.jpg


  1. Сөздік қорыңыз aртaды. Оқыған кітабыңызда қaй сөз көп қaйтaлaнсa – аталмыш сөзді күнделікті өмірде қолдaну ықтимaлдығы жоғaры болaды. Біліміңіз aртып, түсіну және түсіндіру оңaй болaды. Қолға алып, оқыған кітабыңыз керемет болса, сіздің қоршаған зaттaрғa деген көзқaрасыңыз да өзгере түседі. Күнделікті тіршілік барысында байқамаған қарапайым құбылыстың өзінен жаңа қырды көре білетін боласыз. 

0Z9A3415.jpg

2. Балалар әдебиетіне келетін болсақ, кітап оқу әлемін ертерек таныстырған жөн. Бала жақсы кітап оқи отырып өзінің ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыра түсіеді. Оқу әдеті баланың өз ойын еркін жеткізуге көмектеседі және ойлау процесін дамытады. Оқу процесі – жадыны жаттықтыруға таптыртпас құрал. Кітап оқу арқылы бала өзінің болашақ өміріне үлкен сый жасайды. Өзінің ішкі әлемін қаншалықты әдемі әрі рухани бай етуі оқыған кітаптарына тікелей байланысты.  

0Z9A3503.jpg

3. Кітап оқу процесіне қызыққан бала өз уақытын тиімді өткізеді. Оқыған кітабының мазмұнын айтып үйренген бала, болашақта жиналған аудитория алдында өзін еркін ұстай алатын болады. Бала кітап оқуды ұнататын болса, мектептегі оқу процесі мен жаңа материалдарды меңгеру де жеңіл болады. 

0Z9A3624.jpg


4. Кітап оқу - адамның бойында тұнып тұрған шығармашылықты ашады, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауда үлкен септік болады. Яғни кітап оқушының әдемі сөйлеу әдетін дамыта түсіеді.

  

0Z9A3657.jpg

5. Кітап оқу өзіңе сенімділікті арттырады. Адамдармен тілдесу барысында белгілі бір затқа өз көзқарасыңызды кітаптарда жазылған фактілермен келтірсеңіз еріксіз эрудиттілігіңіздің жоғарғы деңгейін көрсете аласыз. Қоғам сіздің жоғары біліміңізді мойындаған жағдайда өз-өзіңізді бағалауыңыз да арта түсетіні анық. 

0Z9A3640.jpg

6. Кітап оқи отырып күйзелістен де арылуға болады. Қазіргі заманда күйзеліс көп адамның негізгі проблемаларының бірі. Кітап ішіндегі жазулардың байлығы мен ритмикасы адам психикасын тыныштандырып қана қоймай, организмді күйзелістен босатады. Бұл үшін кітапты ұйықтар алдында оқыған жөн. 

0Z9A3733.jpg

7. Кітапта жазылған пайдалы ақпараттарды және кеңестерді өз қажетіңізге жаратасыз. Әр оқып бітірген кітаптан соң жаңа идеяларға толы боласыз. Сіздің қолға алатын кітабыңыз өміріңіздің жаңа қырын ашып көрсетуіне септік болары әбден мүмкін. Жаңа белестерді бағындыру үшін де жаңаша көзқарас пен жаңаша мотивация қажет.  

0Z9A3287.jpg


8. Көптеген ғылыми зерттеулерге сүйенетін болсақ, кітап оқу – адамның жүйке жүйесі ауруларының алдын алады. Оқу процесі кезінде адам миының белсенділігі артып, есте сақтау қабілеті арта түседі. 

0Z9A4192.JPG

9. Біздің жүйкеміз тозған кезде организміміз де тез қартая бастайды. Кітап оқу біздің миымыздың үздіксіз жұмыс жасауына түрткі болады. Ал ми мен жүйке өзара байланыста болғанда адам организмінің қартаю процесі бәсеңдейді.  

0Z9A1083.JPG

10. Кітап оқыңыз. Көңіл-күйіңізді көтеріңіз. Өзіңізге деген сенімділігіңізді арттырып, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігіңізді білдіріңіз. 




Бибігүл БӨКЕНБАЙҚЫЗЫ
Ruh.kz
Мурзабекова Джамиля, Ruh.kz