21 Қаңтар, 2019
"ӨЛКЕТАНУ" ОҚУЛЫҒЫ ӘЗІРЛЕНДІ

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018-02019



оқу жылында «Өлкетану» пәнін мектептерде оқыту қолға алынды. 


Әзірше Қызылорда облысы жайында сыр шертетін «Өлкетану» оқулығы жинақталды. Облыстық бюджет есебінен (45 мың дана) дайындауға 25 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күні оқулық ҚР Білім және ғылым министрлігінің сараптамасынан өтіп, 2018-2019 оқу жылында білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер тізбесіне енді.



Жалпы «Өлкетану» курсы елімізде мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде, авторлар құрамындағы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктілік арттыру курстарынан өткен мұғалімдермен дайындалды. Әдістемелік құралда жаңартылған мазмұн бойынша оқу бағдарламасына сай, оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық технологияларды қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке немесе топта жұмыс жасай білу және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті оқыту әдіс-тәсілдері қамтылған.



«Өлкетану» оқулығының тұсаукесерінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов сөз сөйледі. Өлкеміздің кешегі тынысынан сыр шертететін арнайы көрме дайындалған.



Оқулық 2018-2019 оқу жылының 2-ші жарты жылдығынан бастап оқытылады. (5-6-7 сыныптарға арналған «Өлкетану» оқулығында Сыр өңірінің тарихы, киелі жерлері жайлы аңыздар, тарихи деректер, тарихи тұлғалар, ұлттық қолөнер, туристік маршруттар және т.б. мәліметтер жинақталған). 


Ruh.kz