19 Ақпан, 2018
Қызылордада табысқа жеткен тұлғалар ұлықталды

2000-ға жуық адамның назарына ұсынылған бұл шара «Қазақстанның дамуына үлес қосқан азаматтардың кәсіби біліктілігі мен қоғамдағы жетістіктерін насихаттау; ұлттық бәсекеге қабілеттілікті дамыта отырып, қоғамның рухани жаңғыруына ықпал ету» мақсатына жетті. 


Қызылорда Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Уақыт. Тұлға және бүгінгі бәсекелестік» атты тарихи-танымдық шара өтті.



Шара аясында «Табысқа жеткен тұлғалар» атты Қызылорда облысының өркендеуіне өз үлестерін қосқан азаматтардың жеке өмірінен фото-шежірелер, қоғамдық қызмерінен естелік құжаттардан көрме ұйымдастырылады. Көрмеге қатысушылар видеороликтер арқылы танымал тұлғалардың отбасылық өмірінен, кәсіби біліктілігін татытатын еңбектерінен қызықты мәліметтермен таныса алады. Көрмені дайындаған оқушылар, белігілі тұлғалардың өмір жолы мен ел қамы үшін атқарып жүрген жұмыстарына қызыға түскені көрініп-ақ тұр. Әрбір қатысушы өзінің тандаған кейіпкерін қорғап, сол жайында кең ақпарат беріп, қосымша, бұрын соңды айтылмаған тың деректерді ұсынды.



Сол күні студент жастардың «Қазақстанның 100 жаңа есімі-жетістіктер тарихы» атты TED форматтағы ғылыми-ақпараттық жұмыстарының презентациясы болды. Қатысушылар презентацияда «Қазақстанның 100 жаңа есімі» атты жобаға енген Қызылорда облысының тұрғындарының 75 тұлғасы туралы танымдық-зерттеу жұмыстарының бейнематериалдарын ұсынды.



Аталмыш шараға қатысушылар арнайы алхыс хаттар мен түрлі номинациялы дипломдармен марапаталды.


ruh.kz...