14 Желтоқсан, 2017
Қызылордада «Туған жерге тағзым» акциясы өтті

Қызылордада «Сұлтан Плаза» кешенінде өткен «Туған жерге тағзым» акциясында телекөпір арқылы Сырдан шыққан белгілі азаматтар аймақтағы рухани жаңғыру бағытындағы бастамаларға қолдау танытты.


Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласы аясында латын әліпбиін қолданысқа енгізу бастамасы қабылданып, Қазақстанның киелі жерлері картасы, Қазақстанның 100 жаңа есімі белгілі болды. Олардың қатарында Сырдан шыққан алтын қолды дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, Сызғанов атындағы Ұлттық-ғылыми орталығының директоры Болатбек Баймаханов бар.



Акция аясында телекөпір арқылы байланысқа шыққан дәрігер аймақта медицина саласын дамыту бағытында жасалып жатқан жұмыстарға оң баға берді.




«Аудандарда ауруханалар салынып, саланың жарақтандырылуы жүйеге түсіп келеді. Жыл сайын медициналық жабдықтарға 3 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл еліміз бойынша жоғарғы көрсеткіштер қатарына жатады», – деді дәрігер.




Әр азамат үшін де кіндік қаны тамған жердің ыстық екенін жеткізген Болатбек Баймаханов өңірде рухани жаңғыру бағытындағы атқарылып жатқан істерге өз үлесін қосатынын жеткізді.


ruh.kz
ҚО ІСБ