27 Қазан, 2017
Қызылордалық жастар киелі жерлер тізіміне енген Қорқыт ата кешені мен Марал ишан кесенесінде болды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Көшеней Рүстембекұлы атындағы «Жыраулар үйінде», «Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің, «Жыраулар үйі» КМҚК-ның және «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің бірлесіп ұйымдастыруымен жастармен кездесу болып өтті, деп хабарлады Қызылорда облысының әкімдігі.



«Кездесуде жыраулар үйінің маманы А.Скендиров аудан аумағында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғалуы мен зерттелуі жайлы тарата айтты. Көне тарихты тани түсуге деген талап аясында Шірік-Рабат, Сортөбе қалашықтарына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерін әңгімеледі. Республикалық «Киелі жерлер картасы» тізіміне ұсынылған Қорқыт ата ескерткіш-кешені мен Марал ишан кесенелері туралы толық мағлұмат берді», - делінген хабарламада.



Атап өтер болсақ, шараның екінші кезеңі бойынша ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, мемлекеттік жастар саясатын жүргізуге үлес қосып жүрген бір топ жастарға аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттталып, оларға Қазалы аудандық тарихи-өлкетану мұражайын тамашалауға  жолдама табыс етілді.


ruh.kz