5 Сәуір, 2018
Көкшетау қаласында дзюдо күресінен біріншілік өтті

Көкшетау қаласының «Бурабай» спорт кешенінде, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен дзюдо күресінен 2003-2004, 2005-2006, 2007-2008 жылғы жасөспірімдер арасында қалалық чемпионат өтті, деп хабарлайды Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасы.



 



Жалпы саны 108 спортшы қатысқан іс-шараға Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы мен наурыз мейрамына орай өткізілді. Жас спортшылар 38-66+, 34-55+, 24-44+ салмақ дәрежелері бойынша сынға түсті.



Жарыста Көкшетау, Щучинск қалаларындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің және «Бірлік» шағын ауданы мен «Бурабай» спорт кешенінің жаттығушылары бақ сынады. Қалалық біріншілікке «Бурабай» спорт кешенінің бас жаттықтырушысы Мұхтар Тоқанов төрелік етті.  



Турнирдің қорытындысы бойынша, жеңімпаз атанған спортшылар медальдармен, мақтау қағаздарымен марапатталды.



 


ruh.kz...
"Ақмола облысының АБҚ"