5 Ақпан, 2018
Көкшетауда «Magjan.kz» тарихи-әдеби порталы іске қосылады

Портал бес негізгі бөлімдерден тұрады: «Ұлы есімдер - ұрпақ жанында», «Тұлға», «Туған өлке», «Жас толқын», «Жаңалықтар».


Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық кітапханасы жаңа жылдың ақпан айының екінші жартысында «Magjan.kz» тарихи-әдеби порталын іске қосуды жоспарлап отыр, ол Ақмола облысының аңыздарымен, қасиетті нысандарымен, көрнекті тұлғаларымен, жазушыларымен және ақындарымен танысуға мүмкіндік береді.



Портал бес негізгі бөлімдерден тұрады: «Ұлы есімдер - ұрпақ жанында», «Тұлға», «Туған өлке», «Жас толқын», «Жаңалықтар».



Бірінші бөлімде аты Ақмола облысының тарихында алтын әріптермен жазылған атақты тарихи тұлғалар туралы ақпарат жиналады.



«Тұлға» атты екінші бөлімінде ғылым мен мәдениетке үлес қосқан Ақмоланың қазіргі заманғы тұрғындары туралы материалдар көрсетіледі. Үшінші бөлім пайдаланушыларды аймақтың аңыздары мен қасиетті орындарымен таныстырады, бірнеше минут аралығында пайдаланушы аймақтың тарихи ескерткіштері туралы кітаптар мен мерзімді басылымдардан сенімді ақпаратты көре алады.



«Жас толқын» төртінші бөлімінде жүктеп алуға болатын суреттерді, фото галерея, жарияланымдарды табасыз. «Жаңалықтар» бөлімінде өткізілетін оқиғалар туралы хабарландырулар орын алады.



Тарихи-әдеби портал Ақмола облысының республиканың мәдени өмірінде танымал болуына мүмкіндік береді.


ruh.kz