5 Тамыз, 2020
Коронавирус. Әлемдегі айыппұл бағаны қандай?

Еуропа елдері инфекцияның өршуімен күресуде. БҰҰ барлық үкіметті оқушыларды мектепке қайтаруды, оқуларын жалғастыруға шақырды. 

Австралия карантинді бұзғандарға 3,5 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл енгізді. Үндістанда пандемия басталғалы індет жұқырудың ең жоғары көрсеткіші тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш сейсенбі күні білім берудегі коронавирустың салдарынан туындаған «үзіліс» планетаның бүтіндей бір буыны үшін үлкен қауіп болғалы отырғандығын айтты.

Оқушылардың мектепке оралуы және осы реттегі қауіпсіздік басты қазіргі таңда басты мәселе болуы керек, деп атап өтті ол БҰҰ сайтында жарияланған өзінің бейнехабарламасында. Шілде айының ортасындағы жағдай бойынша 160 елдің шамамен 1 миллиард оқушысы үшін мектептер жабық, ал 40 миллионға жуық бала мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне бара алмай қалды, деп атап өтті Гутерриш.

Сонымен қатар, індет тарағанға дейін 250 миллион бала білім ала алмаған болатын, ал дамушы елдердің орта мектеп оқушыларының төрттен үш бөлігі мектептерден тіпті базалық білім алмай жатып кетуге мәжбүр болған. Соңғы тәулікте Үндістанда өзге елдермен салыстырғанда, коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайлары көбірек тіркелді. Дүйсенбі күні Үндістанның 50 мыңнан астам тұрғынынан ауру анықталса, коронавирус диагнозы расталған 800-ден астам адам көз жұмған.

Аустралияның Виктория штаты коронавирусқа байланысты оқшаулау режимін бұзғандарға жаңа жаза тағайындалғаны туралы жариялады. Ұсталған заң бұзушыларға сол жерде 5 мың Австралия доллары (шамамен 3,5 мың АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Осы мақсатта штат көшелеріне 500 әскери қызметші жіберіледі. Франция үкіметі жанындағы Ғылыми кеңес күзде немесе қыста елде коронавирустың екінші толқынының пайда болу қаупі өте жоғары екенін ескертті.

Соңғы аптада елде жаңа жағдайлардың саны көбейе бастады. Соңғы үш күнде 3,4 мыңға жуық жағдай тіркелді, реанимация бөлімшелеріндегі пациенттер саны да өсті. Соңғы аптада ауруға шалдығудың жаңа жағдайларының өсуі Еуропаның басқа елдерінде де, оның ішінде Бельгия, Люксембург және Испанияда анықталды.

Сейсенбіде Польшада коронавирус жұқтырудың төртінші рекордтық көрсеткіші тіркелді. Бір күнде 680 жаңа жағдайы анықталып, алты адам қайтыс болды. Сейсенбіден бастап ондаған миллион филиппин азаматы қайтадан карантинге алынды. Үйлерінен кетпеу туралы бұйрық ел астанасы Манила мен оның айналасына таратылды.

Жексенбіде елдің дәрігерлері президент Родриго Дутертті Денсаулық сақтау жүйесінің құлдырауына жол бермеуге шақырды.