15 Қазан, 2019
Көрпе Fest

Атырауда «Көрпе Fest» мегафестивалі өтті

Шараның бастамашысы – белгілі этнодизайнер, қолөнер шебері, «Құрмет» орденінің иегері Ырза Тұрсынзада. Оқу курстарына аймақтың 150 тұрғыны қатысты. 

72228418_2539810999405807_1222732006115246080_o.jpg

Айта кетейік, Атырауда мұндай мегафестиваль алғаш рет өтті. Фестиваль мақсаты – ұлттық өнерді насихаттау, әлемге қазақ қолөнерінің бәсекеге қабілеттілігін көрсету.

Атырауда Ырза Тұрсынзаданың шарасы аясында көп балалы, аз қамтылған, жұмыссыз әйелдерге ұлттық қолөнер бойынша шеберлік сыныптары өтті. Конкурс қортындысымен облыстық әкімдіктің қолдауымен 25 үздік қатысушыға тігін машиналары сыйға берілді.

Көрпе фест 

«7-8 балалы аналардың ұлттық қолөнердің арқасында өз еңбектерімен табыс тауып отырғандарының куәсі болдық, олардың көпшілігі мекенжай әлеуметтік көмегіне де мұқтаж емес. Қолөнер курсынан өткен әйелдер өз істерін ашып жатыр, уақыт өте келе отбасылық бизнестеріне айналдыруда. Бұл керемет.

Біріншіден, олар ұлттық салт-дәстүрді сақтап, ұрпақтарына табыстайды, екіншіден, табыс тауып, жолдастарына көмектеседі, бұл – үлкен еңбек. Осы оқу курстарын ұйымдастыруға қолдау көрсеткен аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевқа алғысымыз шексіз», - деді Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев. 

Көрпе фест

Фестиваль аясында ұлттық өнерді қолдайтын әйел-кәсіпкерлерді марапаттау салтанаты өтті. Ерекше көрінген қатысушыларға естелік сыйлықтар берілді.

Еске сала кетейік, «Көрпе Fest» мегафестивалінің ашылуы Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өтті. Фестиваль барлық аймақтарда ұйымдастырылады. 

Көрпе фест

Атырау облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі