24 Қараша, 2017
Қостанай облысында үздік ауыл клубы анықталды

Қостанай облысында «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Туған жер – туған ел» базалық бағытын іске асыру аясында облыстық «Үздік ауылдық клуб-2017» байқауы өтті.



Сонымен, үздік ауылдық клуб атағы байқауына облыс түкіпірінен 11 мәдениет үйі қатысты. 2017 жылғы 22 қарашада облыстық «Үздік ауылдық клуб-2017» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. 1 орын мен «Үздік ауылдық клуб-2017» мүсіншесін, сондай-ақ, 300 мың теңге көлеміндегі сертификатты Таран ауданының Калинин селолық клубы алды. 200 мың теңгелік сертификат пен 2 орынды Әулиекөл ауданының Құсмұрын ауылдық клубы, Меңдіқара ауданының Харьков ауылдық клубы алды. Ал 100 мың теңгелік сертификаты бар 3 орынды Денисов ауданының Алчанов ауылдық клубы, Амангелді ауданының Үрпек ауылдық клубы, Қарасу ауданының Челғашы ауылдық клубының өкілдері иеленді.





Сонымен бірге, «Үздік демеуші» номинациясы бойынша Мендіқара ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші Сайран Бұқанов марапатталды.



Ал, қалған қатысушылар сыйлықтар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.


ruh.kz
ҚО ІСБ