13 Ақпан, 2018
Қостанай облысында «ҮЕҰ – халыққа» диалог алаңы іске қосылды

Қостанай облысында  «ҮЕҰ – халыққа» пікір-алмасу алаңы іске қосылды оның аясында Қазақстандағы мүгедек-спортсмендер арасында арбада отырып спорттық би билеудің бастамашысы Аруна Жақсағұлованың Қостанай қаласының би ұжымдарымен кездесуі өтті.


«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» жобасының, «Облыстық ресурстық орталық» атты кіші жобасының аясында ішкі саясат басқармасының қолдауымен өткізіліп жатқан «ҮЕҰ – халыққа» пікір-алмасу алаңы, Қостанай облысының азаматтық бастамаларын қолдау мен дамытуға бағытталған. Алаң жұмысының барысында азаматтық сектордың табысты өкілдерінің халықтың түрлі категорияларымен кездесулері жоспарланған. Осындау жарқын да шынайы мысладардың негізінде ұйымдастырушылар жауапкершілігі жоғары Біртұтас ұлт құру жолында өз үлестерін қосады.



Осындай адам Аруна Жақсағұлова болып табылады. Ол – Қостанай облысы үкіметтік емес секторының жарқын өкілі, «100 жаңа есім» жобасының қатысушысы, Қазақстандағы мүгедек-спортсмендер арасында арбада отырып спорттық би билеудің бастамашысы мен авторы.Студенттік шағында омыртқаның ауыр жарақатын алып, мүгедек арбасына таңылды.Мүгедектікке ие бола отырып, ол А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне оқуға түсті және заңгер мамандығына ие болып, оқуды үздік бітірді. Аруна 12 жылдан астам денсаулықтың мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жәрдем беретін «Үміт-Надежда» ҚБ басқарады.




«2008 жылы «Үміт-Надежда» ҚБ арбамен жаңадан билеуді бастаған бишілері Қазақстанның дені сау спортсмендері арасында өткен спорттық бал билері бойынша Қостанай облысы әкімінің Кубогына қатысты. Ансамбль бишілерінің арбалармен биді орындауы көрермендердің бұрын-соңды болмаған масаттануы мен қызығушылығын оятты. Бишілер Қостанай облысы әкімінің Кубогын иеленді, бұл Қазақстандағы мүгедектер арбасымен алғашқы өнер көрсету болып табылды», - деді Аруна Жақсағұлова.




Кейін аталмыш жоба республикадық деңгейге көтеріліп, Аруна Рахметоллақызы мен барлық «Yмiт-Надежда» қоғамдық бірлестігі күш-жігерінің арқасында Қазақстан Республикасының паралимпиадалық спорт түрлерінің ресми тізіміне енді.



Кездесуде жоғары дәрежелі тренер, ерекше мұқтаждықтары бар азматтардың тренері Андрей Нужный да болды.




«Маған «Арбада отырып би билеу» жобасын қолға алуды ұсынған кезде, бұл мен үшін жаңа да қызықты болды. Бүгін, жылдар өткен кезде, нәтижелерді көре тұра барлық жасалған бекер еместігін түсінесің», - Андрей Нужный.




Аруна Жақсағұлованың өмірі – ол нұрлы, драмалық және бақытты оқиға, бұның негізіне мақсаттылық пен өмірге деген ниет тұр. Осы себептен, ол «ҮЕҰ - адамдарға» атты Диалогты алаңның алғашқы спикері болып табылады. Аталмыш іс-шараның жас ұрпақты қастарында жүрген адамдардың өмірлік үлгісі арқылы рухани байыту мен ынталандыруында зор маңызы бар.



Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы келешекте осындай кездесулерді трендке айналдыруды және «ҮЕҰ-адамдарға» атты іс-шаралар кезеңін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.


ruh.kz...