26 Қазан, 2017
Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдары «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға атсалысуда

Халықтың азаматтық жауапкершілігі мен әлеуметтік белсенділігін арттыру «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі мақсаттары болып табылады. Сондықтан да Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдары алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу бойынша белсенді жұмыс атқаруда, деп хабарлады аймақ әкімдігі.



«Осындай жұмыстың жарқын мысалдарының бірі Сарыкөл ауданының «Веселый подол» қоғамдық қоры болып табылады. Қор белсенділерінің бастамасының арқасында тек жазғы кезеңде ауылда 38 түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді. Мысалы, ауылдық мектептің 75 жылдық мерейтойына әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын ауыл тумаларының кездесуі ұйымдастырылды (Германия, Ресей, Қырғызстан). Барлығы кездесуге әр жастағы 56 мектеп түлектері келді. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде «Милый сердцу Веселый Подол» парақшасы ашылды, ол жерлестер үшін диалог алаңы болып табылады», - делінген хабарламада.



Бұдан басқа, тұрғындардың бастамасы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысқан ауыл тұрғындарының ескерткіші қалпына келтірілді, ал қоғамдық қордың бастамасы арқасында облыстық Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі арқылы аталған ескерткіштің тәулік бойы жарықтандырылуы үшін күн батареясын орнату бойынша жоба қаржыландырылды.



«Біріншіден, біз осының барлығын өзіміз, балаларымыз үшін жасаймыз. Бос уақытты ұйымдастыру, көшелерді аббаттандыру біздін бастамамызбен жасалады. Мысалы, көшелерді ауыл тұрғындарының қолдарынан шыққан нәрселермен безендіреміз, сенбіліктерді жасап, шығармашылық кештерді өткіземіз. Өз шығармашылық тобымыз да бар», - дейді «Веселый подол» қорының басшысы Айсұлу Күзенбаева.


ruh.kz