2 Наурыз, 2018
Қостанай өңірінде Есір ауылдық клубы ашылды

2018 жылдың 1 наурызында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Әлеуметтік бастамалар картасы» бағыты бойынша «Көркейе бер, Қостанай» акциясы шеңберінде Амангелді ауданының Есір ауылында ауылдық клубтың ашылуы салтанаты өтті.   


Амангелді ауданының әкімі Нұржан Өтегеновтің айтуынша, «Тұрғындар ауылдық клубтың ашылуын көптен күтті. Аталған нысан 7 жыл бойы бос тұрды. Кәсіпкерлер өз қалталарынан 14 млн теңге жинап, ескі ғимаратты қайта жаңғыртты. Енді мәдени-бұқаралық іс-шаралар, концерттер мен қойылымдарды өткізу үшін аудан орталығына барып, шығындалмайтын болды. Клуб  жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен ашылған. Тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Алдағы уақытта осындай ескі құрылыс орындарын жаңа кейіпке ендіріп, мәдениет үйлерін ашу жоспарда бар».



«Ауылда өнерлі жастар жетерлік. Адамдардың бос уақытын тиімді пайдалануына мүмкіндік жасайтын осындай мәдени нысанның ашылғанына Есір ауылының тұрғындарымен қатар біз де қуаныштымыз», - деді Мәдениет саласының үздігі Жұлдызай Олжағұлова. 



Белгілі болғандай, мәдениет нысанына жиҺаз сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 1,7 млн теңге қаржы бөлінген. Бұған қоса аудандағы барлық ауылдық клубты жаңарту жұмыстары қолға алынбақ. 



Аталмыш ауылдық клубта әзірге 4 тұрақты жұмыс орны ашылған және клуб ішінде кітапхана орналасқан.


ruh.kz.