1 Қараша, 2017
Қостанайда «Армандастар» облыстық балалар шығармашылық фестивалі қорытындыланды (ФОТО)

Қостанайда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде, балалардың өнерпаздық шығармашылығын дамыту және оның рөлін көркем білім алуда күшейту, өскелең ұрпақты эстетикалық адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу мақсатында, өнерпаз  хореографиялық ұжымдар арасындағы «Армандастар» облыстық балалар шығармашылық фестивалі өтті.



Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, фестивальға Қостанай, Рудный, Лисаков, Арқалық қалаларынан, сондай-ақ Науырзым, Қостанай, Жангелдин, Қарабалық, Федоров, Денисов, Қамысты, Алтынсарин аудандарынан 29 хореографиялық ұжымдар қатысты.



«Облыстың 24 ұйымдарынан (қосымша білім беретін, жалпы білім беретін мектептердің, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін арнайы ұйымдардың) 400-ге жуық жас бишілер қазылар алқасына түрлі стильде және жанрда  екі би композицияларынан ұсынды.  Фестиваль 2 айналым бойынша өтті: бірінші айналымда қазылар алқасы 10-14 жас аралығындағы орта топ ұжымдарының өнерлеріне баға берсе, екінші айналымда 14-17 жас аралығындағы ересек топ ұжымдарының шеберлігі мен орындаушылық дарынын бағалады», - делінген хабарламада.



Сонымен, орта топ  ұжымдары арасында 3 орынды Қарабалық ауданының С.Қожамқұлов атындағы  балалар өнер мектебінің оқушыларынан құралған  «Ручеек» би ұжымы иеленді.  Ал, 2 орынды Лисаков қаласының Балалар музыка мектебінің «Эдельвейс» би ұжымы жеңіп алды. Өз жас тобында жеңімпаз  ретінде Рудный қаласының №18 орта мектебінің «Жемчужина» ұлттық би ұжымы таңдалды.



Бұдан басқа, ересектер топ ұжымдары арасында 3 дәрежелі сыйлық «Нұр-Ай» би ұжымына, екінші орын «Тарлан» №23 хореографиялық ұжымына бұйырды. Ал, бұл аталымда Рудный қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын дамыту сарайының «Фиеста» ұжымы жеңімпаз болып табылды;



Фестивальдің  басты сыйлығы бас жүлде  Б.Хамзин атындағы өнер мектебінің «Еркеназ» би ұжымына берілді.



Атап өтер болсақ, фестивальдің барлық жеңімпаздары Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының мақтау қағаздарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, білім басқармасының мадақтамаларымен фестиваль номинанттары, жүлдегерлерді және барлық би ұжымдарын  дайындаған педагогтар, фестивальға белсене ат салысқан қатысушылар марапатталды.


ruh.kz