10 Маусым, 2018
Қостанайда «Рухани жаңғыру» аясындағы міндеттер нақтыланды


«Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінде талқыланған мәселенің бірі «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының іске асырылу барысы болды. Облыста бүгінге дейін 24 жоба орындалды. Жыл соңына дейін 20-дан астам ІТ-сыныптарын ашу көзделіп отыр. Одан бөлек, облыс көлемінде ІТ-құзырет орталықтары жұмысын бастайды. Онда тұрғындар цифрлық сауаттылықты арттыру мүмкіндігіне ие болмақ. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының қарқынды түрде жүзеге асып жатқанын осыдан-ақ байқауға болады.   



Өткен жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында аясында 2 миллиард 700 миллион теңге игерілді. 24 жоба жүзеге асырылып, шамамен 330 іс-шара өткізілді. Биыл қаржыландыру едәуір арта түспек. Кемінде нақтыланған жобаларға 4,5 миллиард теңге жұмсалады. 



Жиналыста киелі нысандар орналасқан аумақтардың инфрақұрылымын көтеру мәселесі сөз болып, күн тәртібіне қойылды. Атқарылып жатқан игі істерге мониторинг жүргізіп, қала мен аудан әкімдеріне 2020 жылға дейін «Жол картасын» әзірлеу тапсырылды. Ал ғалымдар зерттеу жұмыстарына мейлінше мән беру керек.



200-ге жуық кәсіпкер «Атамекен» бағытына атсалысты. Биылдың өзінде қайырымды жандардың күшімен құны 170 миллион теңгені құрайтын 21 ІТ-технологиялар кабинеті ашылды. Оның 16-сы ауылдық жерлерде пайдалануға берілді. Бұл - міндеттелген нақты жобалардың басы ғана. Өскелең ұрпақ бәсекеге қабілетті болып, әрі техникалық шығармашылығын шыңдау үшін Қостанайды «Смарт орталықтың» құрылысы қолға алынады.  



Бұдан бөлек, Қостанай инусдриалды-педагогикалық колледжі базасында ІТ-құзырет орталығы пайда болады. Ол жерде оқытушылар мен студенттер тренингтерден өтіп, тұрғындар базалық негізде цифрлық сауаттылықтарын арттыра алады.



Балалардың дұрыс тамақтауны да маңызды мәселе. Бастама шеңберінде мектеп асханаларын жаңғырту бойынша арнайы бағыт іске асырылады. Олар 5 жылға дейін кәсіпкерлердің құзырына өтеді. Бизнесмендерге асханаларды бірыңғай стандарттарға көшіріп, оқушыларды  сапалы тағамдармен қамту міндеттеледі. Бұл тұрғыда «Нұр Отан» партиясы іскер азаматтармен меморандум жасаған. 



Өткен жылы Қостанай облысында «Рухани жаңғыру» аясында бірқатар игі жұмыстар іске асырылды. 2017 жылы меценаттардың көмегімен Кейкі батыр кесенесі мен Тархан Шақшақ Жәнібек ескерткіші тұрғызылып, бюджет қаражаты есебінен Ыбырай Алтынсарин кесенесі қайта жаңғыртылды. Жалпы, еліміздегі киелі орындар тізіміне Қостанай облысынан 29 нысан енгізілген, соның ішінде 10 жалпыұлттық және 19 жергілікті нысан бар.



Биылғы жылы қасиетті нысандарды жөндеу, қайта жаңғырту және аумақтарын абаттандыруға 88,5 миллион теңге қаражат жұмса­лады. Жөндеу жұмыстары Сары­көл ауданындағы Барақ батыр кесенесі мен Ұзынкөл ауданындағы Святоникольская шіркеуіне де жүргізілетін болады.



Былтырғы құрылтайлардың бірінде Архимед Мұхамбетов төмендегідей мәлімдеме жасаған:



«Атамекен» бағыты бойынша 2018 жылы 4 млрд 165 млн тең­ге­нің тағы 140 әлеуметтік жо­ба­­сы іске қосылады. Бұған қоса 1000 орын­ға арнал­ған Ұлт­тық мәдени орталық салынады, Социалистік Еңбек Ері Кәм­шат Дөненбаеваның құр­­метіне сая­бақ ашылып, ескерт­­кіш мүсіні орна­тылады  және Қазақ халқына алғыс монументі бой көтереді».


ruh.kz
top-news.kz