29 Сәуір, 2018
Қостанайлық қауым «Кітапхана түніне» жиналды

Қостанайдағы Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәдени даму бағыты негізінде «Кітапхана түні» шарасы өткізілді. 


 



Оқырмандар түн ауғанша кітапхананың мұрағат қоймаларын емін-еркін аралап, мекеме қызметкерлері дайындаған түрлі тосын сыйларға куә болды. Кітапхананың үш қабатында да әртүрлі шеберлік мектептері мен кітап көрмелері өтті. 

Осындай игілікті іске мұрындық болған кітапхана директоры Дариға Дүйсебаеваның айтуынша, бұл шара осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр. 

– Оқырмандарымыз үшін ерекше «Кітапхана түні» дәстүрлі жобаға айналды. Бұл ауқымды шара жылдан жылға жалғасады. Шараның негізгі мақсаты – оқырмандарды кітапқа жақындату, оқуға шақыру, қызықтыру, сонымен қатар біздің қызметкерлерге жаңа қырынан танылуына мүмкіндік беру. Мұрағатта сақталып тұрған көне жәдіргерлермен жұртшылықты таныстыру. Себебі, ол жерге басқа уақытта оқырман тұрмақ, өзіміздің қызметкерлерге де кіруге болмайды Биылғы «Кітапхана түнінде» ертегі кейіпкерлері мен сиқыршылар, батырлар  мен балгерлер өнер көрсетті – дейді Дариға Дүйсебаева. 

Ән, бимен әрленген кешке келушілер түрлі деректерге қанық болды. Ал, ақындар рухты өлеңдерін оқыса, суретшілер кім үздікті анықтады. Оқырмандардың көбі робот техникасы секциясына келіп, жас өнертапқыштардың туындыларын тамашалады.

Осы ретте Гүлім Боранбай есімді оқырман өз ойын былай жеткізді:

– Ғаламтор жайлаған заман оқырмандардың белсенділігін төмендеткені шындық. Сондықтан, осындҚостанайдағы Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәдени даму бағыты негізінде «Кітапхана түні» шарасы өткізілді. ай тағылымды шаралар тарихи танымымызды кеңейтетіні анық. Бүгін кітапханада бұрын бола бермейтін мүмкіндіктерге қол жеткіздім. Сирек кітаптар қорына кіріп, өлкенің бай тарихымен таныстым. Мұның өзі бір ғанибет!

 


ruh.kz
Бердіболат Көркембаев