15 Қараша, 2017
Қостанайлық өнер мектебіне демеушілер 3 млн теңгенің музыкалық аспаптарын тарту етті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Өнер мектебі» МКҚК- да «Музыка күніне» арналған мереке өтті.



Мерекеге Сарыкөл ауданы әкімінің орынбасары Турабеков Елжан Нұрқабылұлының шақыруымен «Астық» ЖШС-нің демеушілері, «Астық» ЖШС-нің құрушы, Сарыкөл ауданының тумасы Жүсіпбеков Жұмабек Айтжанұлы және «Астық» ЖШС-нің бас директоры Кузенбаев Данияр Қонысбайұлы қатысты.



Көрермендерге көптеген шынайы мен асыл сөздер айтылды. Құттықтаудан басқа, демеушілердің тағы бір миссиясы болды: 3 000 000 (үш миллион) теңгеге музыкалық аспаптарды сыйлау.



Қазақ дәстүріне сәйкес, демеушілерге қонақжайлылық белгісі ретінде естелік сыйлықтар берілді, ал аудандық музыкалық ұжымдарымен ұйымдастырған мерекелік концерті көңіл мен шығармашылықпен қуантты.



Мерекенің соңында өнер мектебінің ұжымы, аудан басшылаынан, ата-аналар қауымдастығы атынан демеушілерге алғыс сөздері айтылды.



«Сіз бізге мейрамды тек қана емес, біздің балаларымыз үшін конкурстардағы жаңа жеңістерге жаңа серпін бердіңіз», - деп атап өтті ата-аналар.


ruh.kz