9 Ақпан, 2018
Қостанайлық ҮЕҰ-лар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға белсенді қатысуда

Өңірде «Атамекен» ішкі бағдарламасының шеңберінде «Облыстық ҮЕҰ ресурстық орталығы» атты жобасы бастау алды.


Орталықтың негізгі қызметі қазақстандықтардың және толық қоғамның бәсекеге қабілеттілікке, прагматизмге және де эволюциялық дамуға бағытталған тұрғындардың азаматтық жауапкершілігі мен әлеуметтік белсенділігін арттыру болып табылады.




«Өткен жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға 68 үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Бізде бағдарламаны іске асыруға ҮЕҰ қатысқандары бойынша Қостанай облысыныың сакралды нысандарына баспасөз-туры, кіші отынымызды тану бойынша өлкетану, зерттеу жобалары, үшжақты серіктестік шеңберінде инфраструктуралық нысандарды іске асыру және басқа да көп айқын мысалдар бар», - деді Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы ҮЕҰ өзара іс-қимыл жөніндегі бөлімнің басшысы Абылай-хан Какенов.




Облыстық ҮЕҰ ресурстық орталығы қызметінің арқасында ҮЕҰ-мен бірге 2018 жылы бұдан да артық жемісті жұмыс атқарылатын болады.



Сонымен қатар, азаматтық секторды белсендету мақсатында «ҮЕҰ-адамға» атты іс-шаралардың кезеңін ұйымдастыру жоспарлануда.




«ҮЕҰ-адамға» қарсаңында өткізілетін іс-шаралардың барлығы тұрғындарға, халықтың әлеуметтік-осал топтарға, аймақтарға мекендік көмек көрсетуге бағытталған. Сонымен қатар, тұрғындардың түрлі топтарымен ынталандыратын кездесулер ұйымдастырылатын болады. Осындай алғашқы кездесу 12 ақпан күні Қазақстандағы мүгедек спортшылардың арасындағы арбадағы спорт билерінің бастамашысы Аруна Жақсағұлованың қатысуымен өтеді» - деді облыстық ҮЕҰ ресурстық орталығының басшысы Динара Өтебаева.



ruh.kz...