21 Қазан, 2019
«Күй - Ұран» ІІ Республикалық домбырашылар байқауы


2019 жылдың 15-17 қазан күндері Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік және Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, дәулескер күйші, дирижер, композитор Қ.Ахмедияров атындағы «Күй-Ұран» ІI Республикалық жеке домбырашылар байқауы өткізілді. 

73361230_524341061444991_5281935318738534400_o.jpg

Қаршыға Ахмедияров дарынды домбырашы, дәулескер күйші ғана емес, композитор ретінде де жұртшылыққа кең танымал болды. Шараның негізгі мақсаты дәулескер күйшінің орындаушылық қасиетін, оның күйлерін болашақ ұрпаққа жеткізу, насихаттау және күйшілердің ерекше орындау шеберліктерін ұштау, жас өнерпаздарды күй өнеріне баулып, домбыра тартудың қыр-сырын үйретуді, жас таланттарды және күй өнерінің шебер орындаушыларын табуды, рухани құндылықты сақтау.

Байқау 3 кезеңнен тұрып, І-ІІ кезеңінің қорытындысы бойынша 10 үміткер іріктелді. Байқауға Республиканың Алматы, Қызылорда, Ақтау, Атырау облыстарынан, барлығы 16 үміткер қатысты. 

72421342_524340961445001_7993719013064572928_o.jpg

Өнер байқауының қорытынды шарасына Атырау облысы әкімінің орынбасары Жұмабай Қарағаев қатысып, облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың құттықтау хатын жеткізіп, Алматы қаласының «Алатау әуендері», «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің домбырашысы                Таңат Саденовке Бас жүлдені табыстады.

1 орын – Базарбаева Назерке, Қыдырсихова Тоғжан Алматы қаласы;

2 орын – Темір Ақбөкен Алматы қаласы;

3 орын – Нышан Әліби Алматы қаласы, Атырау қаласынан Жәмиев Жәнібек, Жанарыс Оспан;

Дипломанттар – Арман Жолмуханбетов Алматы қаласы, Серік Әлібеков
Атырау қаласы;

Арнайы жүлде – Бибатырова Сабира Алматы қаласы.

Байқаудың гала-концертінде облыстық филармонияның «Нарын» оркестрі, байқау жеңімпаздары мен өнер қайраткерлерінің концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Атырау облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі