11 Қыркүйек, 2018
Күл, ойна, бірақ өзіңді ұмытпа!

Кейде үйдегі ата-аналарымыз жастық шақта ғана ойын-күлкіге жол беруге болады деген пікірмен өмір сүреді. Негізінде, күлкі - адам өмірін қуанышқа толтыратын, қызықты сәттерге жол ашатын құрал. Әр адамның күлкісі әдемі болады. Дегенмен, күле білу де - үлкен өнер. 


Әр жастың өзіндік ерекшеліктері мен сырлары бар. Жастар күлкіге бір мән берсе, ересек адамдар өзгеше ойнап-күледі. Жастық кездегі күлкі көп жағдайда жеңіл болады. Біз жас кезімізде бар өмірімізді ойын-күлкіге толтыруға талпынып, кейбір жағдайда қателіктерге жол беріп аламыз. Кейде артық кетіп қалуымыз да мүмкін.



Өміріңізді тек саналы күлкіге арнаңыз. Бос ойынға мойынұсынып, өз-өзіңізді ұмытып кетуден сақ болыңыз. Бұл, көбінесе, жастардың арасында орын алатын мәселе. Мәңді өмір сүрудің өзі - үлкен бақыт.     


Ruh.kz
Nurlybek Buhpin