29 Қазан, 2018
Күмән келтірме!

Ештеңеге күмән келтірмей, бейқам өмір сүру де қажетсіз дүние. Дегенмен, барлық нәрсеге бесіктен белі шықпаған аңғал жасөспірім секілді сене беру, риясыз құлай кету – жасаған істердің берекетін алуы мүмкін.


Сондықтан, ақыл тоқтатып, кез-келген мәселенің, істің байыбына бара алатын адам үшін сараптама жасай білген абзал. Күмәншілдік кейде нық қадамдар жасауға кедергі келтіруі мүмкін. Мұндайда адамға тәуекел атты қасиет жетіспей жатады.



Кез-келген уақытта, кез-келген істің басын бастарда тәуекел ете білген жөн. Рас, кейде асыра тәуекелшілдік жарға соқтыруы мүмкін. Бірақ, қателіктер – адамның өмірлік сабақ алуына тікелей қатысатын факторлардың бірі. Қателеспеген адамның биік шыңды бағындыруы екіталай.



Сондықтан, күмән келтірмейтін жерде, қажетсіз қорқатыққа салыну – қажетсіз саналатын қасиеттердің бірі. Күмәннан арылып, тәуекел ете жүріп ғұмыр кеш!


ruh.kz
Nurlybek Buhpin