6 Желтоқсан, 2018
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен!

Күш-қайрат көп адамдарға Тәңірден тәбәрік бола береді. Бұл – физикалық тұрғыдағы күш-қуат. Ал интеллект күші екінің біріне нәсіп бола бермесі хақ.


Туралап келгенде, қандай дәрежедегі күшті де басқаратын ол – сана, ақыл. Бойыңда күшің тасып, санаң төмен, мінезің ұрда-жық болса, әлгі алапат қуат саған кері бағытта жұмыс жасайды. Біреуге әлімжеттік көрсету, тұмсығын бұзу немесе мінезіңмен ел-жұртты ықтыру... бүлардың бәрі адам баласына абырой әпермейтін әпенді қасиеттер.



Күш-қуатты пайдалы һәм адал қарекет жасауға жұмсамақ керек. Ал бұл қадамға бару үшін адамға сана қажеттілігі туындайды. Бойдағы алапат күш пен ашық сана, озық интеллект жетістікке жетелейді.



Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген тамаша тәмсілі осы дүниелердің жеке жүріп мал таппайтынына айғақ болса керек.


Ruh.kz
Nurlybek Buhpin