28 Қараша, 2018
Күтпе! Істе!

Ыңғайлы уақытты, келелі кезді күту – еңбекке кірісудің ең бірінші кедергісі. «Алма піс, ауызыма түс» деген қағидамен жүргендерді қазақтар мысалға қосып, еріншектерді сын тезіне алады.


Қаражат болар уақытты, мүдделес серіктестер табатын кезді күтіп, мақсат еткен қарекетін жүзеге асыруды кейінге шегеріп жүргендер барлық мүмкіндіктерінен құр қалуда.



Әсілі, қазақ тарихында барлық дүниені уақытында жасау жолға қойылған еді. Бірақ кейінгі уақытта «кешікпесе қазақ болады ма?» деген қағида ел арасына сіңіп кетті. Кешікпесек, қазақтығымызға сын болар деген оймен жүрген абзал іс емес.



Мақсат қойдың ба, уақытылы жаса! Тайм-менеджментті жолға қой!  Сонда ғана ісің өнбек.



Ал барлығын қолайлы уақытқа шегеріп тастасаң, бүгінгі уақытың мен мүмкіндіктерді отқа жаққаның. Сондықтан, қазіргі уақытты, қымбат кезеңді пайдаланып қал.


Ruh.kz
Nurlybek Buhpin