22 Қазан, 2020
Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі БАҚ-та жарияланады. 

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Комиссия сыйлықты алуға ұсынылған 6 жұмысты қарап, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижелерімен және келесі үш секцияның сараптамалық-талдамалық ұсыныстарымен танысты:

медицина ғылымдары бойынша;
қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар бойынша;
жаратылыстану ғылымдары және металлургия бойынша.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша 2020 жылғы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылған алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі бекітіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

akorda.kz