22 Қыркүйек, 2018
Ларри Эллисонның өмірінде маңызды рөл ойнайтын 10 қағида

Әлемдік аренада өз кәсіптерін дөңгелетіп, соның жемісін жеп отырған миллиардерлер көп. Олар туралы, олардың қағидалары туралы біз алдыңғы мақалаларымызда айттық. Жетістікке жеткен адамдар замандастарынан өздерінің жетістік құпиясын жасырмайды. Өйткені, кәсібін жаңа бастаған азаматтар оларға бәсекелестік танытуы мүлде мүмкін емес. Бүгін біз Oracle корпорациясының негізін қалаушы Ларри Эллисонның басты қағидалары туралы сөз етпекпіз. Ендеше, әрі қарай оқыңыз.


Өзге мен өзіңнің айырмашылығыңды сезіне білу – адамға қажетті ең басты қасиеттердің бірі. Осы қасиет арқылы адам өзін дамыту жолында жұмыс жасай алады. Ал өзіңмен жасалған жұмыс – жетістікке жетелейтін даңғыл соқпақ.



Енді Ларри Эллисонның қағидаларына оралайық.



«Мен қоршаған ортадағы адамдардың менің бағытыма айтылған «ол есінен адасқан» деген ұғымға саятын сөздеріне аса қатты көңіл бөлмеймін, бір жағынан мұндай пікірлер мені қанағаттандырады. Өйткені, мұндай сөздер – менің өзгелерден ерек бір нәрсе жасай алғанымның айқын айғағы».



Рас, қоршаған ортадағы адамдардың сөзі саған әсер етпей қоймайды. Бірақ мына нәрсені есте сақтаңыз: адам баласының барлығына бірдей ешқашан жақпайсыз. Сондықтан, бөтен адамдардың сөзімен өмір сүруді бүгіннен бастап доғаруға ниет қылғаныңыз жөн.



Өзіңіздің жаныңыз қалаған нәрсені жасаңыз. Өзіңіз дұрыс деп есептеген нәрселерді жан-жақты сараптап, содан бір шешім жасауға тырысыңыз.



«Жетістікке жеткен адамдар одан әрі үлкен шыңды бағындыруды емес, сәтсіздіктен қорқу арқылы жұмыс жасайды. Мен әрқашан жұмыстар кері тарта бастағанда тұтқын секілді қызмет етуді әдетке айналдырғанмын».



Рас, бұл – әлемдік аренада өзіндік орыны бар корпорацияның иесінің сөзі. Оны өзінің қазіргі өмірі толық қанағаттандырады. Бірақ ол қолындағы бар байлығынан бір күнде айырылып қалуға қорқады.



Егер сіз кәсіп жолында тәжірибесі аз немесе жаңа бастаған азамат болсаңыз, онда барлығы кері кете бастаған уақытқа дейін күтпей, дамуға әрекет еткеніңіз жөн болмақ. Бұл дағдының сізге әкелер пайдасы мол.



«Мен абыройлы адамдар алдында ешқашан басымды төмен түсірген емеспін және сарапшылар сөзіне бейтарап қараймын. Сонымен қатар, бір дүниеге қатысты жалпы қоғамдық пікірлерге күмәнмен қараймын».



Адамның барлығы тең құқықты, дәрежелері бірдей. Оларды байлығына, материалдық жағдайына қарай жіктеуге болмайды. Сондай-ақ, Ларри айтпақшы, барлығына толық сеніммен қарауға әсте болмайды.



Өйткені, сарапшы да, қарапайым адам да кез-келген уақытта қателесуі әбден мүмкін. ең бастысы – өзіңізге сеніңіз. Жеке пікіріңіздің қалыптасуы тұлғалық болмысыңыздың қалыптасуына әсер ететінін әсте ұмытпаңыз. Бұл – қателескен жағдайда да кешірілетін жол.



«Мен Oracle компаниясын құрған кезде өзім аптасына үш рет түскі асты бірге іше алмайтын адамдарды жұмысқа қабылдаған жоқпын. Өйткені, барлық адам жұмыстан ләззат ала алатындай орта құрғым келді».



Ларри Эллисонның бұл пікірімен толықтай келісуге болады. Өйткені, еңбек өнімділігі әріптестер арасындағы, басшы мен қызметкерлер арасындағы кері байланысқа түбегейлі тәуелді.



Ал бір-бірімен тіл табыса алмайтын, ортадағы жұмысқа бейімі жоқ адамдардың ортада болуы еңбек өнімділігінің көңіл қуантарлық дәрежеде болуына кедергі жасайды.



«Мен тұтынушының қалауы туралы ойланбаймын. Бұл туралы олардың өздерінен сұраймын».



Рас, нарықтағы өнімдерді өндіретін барлық компания, корпорациялардың басты құндылығы – тұрақты тұтынушы. Олар осы тұтынушылар үшін бәсекеге түседі.



Нарықтағы тауарлары арқылы тұтынушылардың көңілін, таңдауын жаулау – компанияның көздейтін басты мақсаты және жетістікке апаратын тетігі.



«Мен өзімнің әрекеттерімді әрқашан екі бағыт бойынша талдаудан өткізіп отырғанды жөн деп есептеймін: олар қаншалықты әділ және қаншалықты тәжірибеде нәтиже берген?»



Әр адам өз-өзімен ақылдасуы, өз-өзіне әрбір ісі үшін есеп беруге міндетті екені туралы алдыңғы жазбаларымызда тереңдете айттық. Ларри Эллисон да осы туралы сөз қылғысы келеді. Әрине, әрбір әрекет, әрбір ой, әрбір жоспар ой талдауынан, ми сүзгісінен, белгілі бір ізденіс үдерісінен өтуі тиіс.



Өйткені, үлкен корпорация немесе компания жетекшісі болсаңыз, ол жердегі сіздің әрбір қабылдаған шешіміңіздің үстінде ауыр жауапкершілік тұрады.



Ол жауапкершілікті арқалаған адам сәтсіздікке ұрынудан қорқады.



Ларридың ойған алған ісінің әділ екенін талдауы компанияның заңға қайшы әрекет етпеуіне, алдағы уақытта істі болып, қыруар қаражаттың басын жалмайтын айыппұлдардан іргесін аулақ салуының белгісі. Ал тәжірибеде қаншалықты нәтиже бергені туралы ізденуі алдағы уақытта осы жобаға салған қаражаттың, инвестицияның далаға кетпеуіне деген алаңдаушылық.



«Компьютер өндірісі - сәнді киімдер өндірісінен де үлкен пайда әкелетін өндіріс».



Қазіргі заман – цифрлы технологиялар заманы. Ақылды технологияларға деген әлемдегі сұраныс орасан зор. Сондықтан, Ларри Эллисон осындай пікірге ерік берген. Әрине, оның пікірі біржақты қате пікір емес.



Компьютер өндірісіндегі бәсекенің жоғарылығына қарамастан, осы бағытқа бас сұққан адамның жеңісіне күмән келтірмеуге болады. Өйткені, ол адамның рухы мен өзіне деген сенімділігі оны жерде қалдырмайды.



«Егер сіз «бірінші» болуға қауқарсыз болсаңыз, онда сізге кәсіп саласына келудің ешқандай мәні жоқ».



Адамдардың барлығы бірдей басшы болуға немесе бәсекені жеңуге қабілетті емес. Адамға үлкен бәсекені жеңіп шығу үшін жоғары білім, тәжірибе және табандылық керек.



Егер сіз кәсіп бастағыңыз келсе, осы қабілеттерді бойыңыздан іздеңіз. Егер өз бойыңыздан аталған құндылықтарды таба алсаңыз, сізге ешқандай кедергі жоқ. Егер таппасаңыз, кез-келген құндылықты белгілі бір уақыт аралығында бойға сіңіруге болатыны туралы еске сала кетейік.



«Мен жеңісті жақсы көремін. Егер сіз жеңіске бірнеше рет жетсеңіз сол биіктен түскіңіз келмейтін жағдайға душар боласыз. Бірақ тек қана жеңіске жету жеткіліксіз, барлық қоршаған орта сіз туралы білуі қажет».



 Жеңіс – адамға шабыт сыйлайтын, өзінің мүмкіндігіне сендіре түсетін ерекше құбылыс. Бұл сезімді бірнеше рет сезінген адам, расында, өмірлік жеңімпаз атануға құлшынысы артады.



Мүмкіндік барда, тек қана алға ұмтылыңыз. Өмір – жарыс алаңы. Кім жылдам әрі сапалы қадам жасайды, сол – жеңімпаз. Бәсекелестеріңіз әрекеттеніп жатқанда, көш соңында қалып кетуден қорқыңыз.



Мақала авторы: Ruh.kz


ruh.kz
siliconangle.com