10 Қазан, 2017
Латын қарпіндегі әліпбидің жаңа жобасы халықтың меңгеруіне қолайлы - Нұркеева

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ұсынылған латын қарпіндегі әліпби жобасында қазақ тілінің үндестік заңдары ескерілген. Бұл туралы жаңа әліпби жобасына қатысты пікір білдірген «Социум-зерттеу» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алтынай Нұркеева мәлім етті.



«Қазақ тілін латын қарпіндегі әліпбиге көшіру қалың көпшіліктің қызу талқысына салынған игілікті бастамаға айналды. Осы күнге дейін баспасөз беттерінде қарапайым халықтан бастап, лингвист-ғалымдарға дейін өз пікірі мен ұсыныстарын жеткізіп келеді. Көптеген жобалармен таныс болдық», - дейді ол.



Алтынай Нұркееваның пікірінше, кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ұсынылған жоба қарапайым халықтың ұғынуы мен меңгеруіне қолайлы.



«Кеше Елбасымызға ұсынылған жоба - қарапайым халықтың ұғынуы мен меңгеруіне қолайлы, қазақ тілінің дыбыстық үндестік заңдарын ескерген нұсқа деп білемін. Сондықтан осы жоба қабылданса деген ұсынысымды білдіремін», - деп атап өтті қоғамдық бірлестік төрайымы.


inform.kz
inform.kz