3 Қараша, 2017
Латын әліпбиі - рухани жаңғыруымыздың тұғырнамасы

Қызылордада «Латын әліпбиіне көшу - рухани жаңғырудың басты құндылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады қала әкімдігі.



Аталған іс-шараға қонақ ретінде Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Аман Абасилов қатысты. Ұжыммен өткізілген дөңгелек үстелдің кіріспе бөлімінде «Латын әліпбиін қаншалықты білеміз?» деген сұрақ төңірегінде мұғалімдер арасында тренинг ұйымдастырылды.



«Жалпы, жиында Елбасы жолдауынан латын әліпбиіне қатысты пікірлері айтылып, бейнебаян көрсетілді. «Еркін микрофон» бөлімінде латын әліпбиіне көшудің пайдалы, тиімді тұстары, оны  тез үйренудің жолдары талқыланды», - делінген хабарламада.



Атап өтер болсақ, дөңгелек үстелдің қонағы А.Абасилов жаңа әліпби туралы, оның ерекшеліктері туралы мектеп мұғалімдеріне тұшымды түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жины соңында қатысушылар рухани жаңғыруымыздың темірқазығы болып отырған латын қарпін енгізуге баршамыздың атсалысуымыз маңызды екенін жеткізді. 


ruh.kz