7 Қараша, 2017
Латын әліпбиі арқылы біз рухани жағымыздан кемелдене түсуімізге жол ашамыз – Ж.Түймебаев

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев латын әліпбиін насихаттау мақсатындакелген арнайы топ мүшелерімен кездесті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.


«Біздің ел 1929-1940 жылдары латын әліпбиін қолданып, бастан өткерді. Демек, біз латынға қайта ораламыз. Латын әліпбиі арқылы біз түркі халықтарына тілдік тұрғыдан жақындап, рухани жағымыздан кемелдене түсуімізге жол ашамыз. Әрине еліміз үшін тәуелсіздік, туған жер, ұлттық құндылық қасиетті ұғымдар. Міне бұл тұрғыда Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында мемлекеттік, ұлттық мәселелердің шешімі айтылды. Ендеше барлығымыз жұмыла кірісуіміз керек», - деді Жансейіт Қансейітұлы.



Кездесу аясында сөз алған белгілі саясаттанушы Ерлан Саиров латынға оралу – саяси қадам, оңды шешім әрі тарихи оқиға екендігін жеткізді. Бас қосқандар жаңа әліпби турасында ойларын ортаға салды.



Бұдан бөлек, Талғат Қалиев топтың түстік өңірдегі негізгі мақсатын айта келе, еліміздегі жастарға арналған орталықтардың жұмыс істеу жүйелерінің жаңарып жатқандығын жеткізді.


ruh.kz