«Нұр Отан» партиясы Бейнеу аудандық филиалында «Латын әліпбиі үлкен стратегиялық маңызға ие» атты жастармен кездесу болып өтті, деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі.
Кездесуге АОО-ның студенттері және де БАҚ өкілдері қатысты. Бұл жиынға университетіміздегі студенттер, оқытушылар құрамы белсене атсалысып жатыр.
«Жиынның негізгі мақсаты, міндеті – еліміздің жастарына, студенттерге латын әліпбиіне көшудің уақыт сұранысы екендігін түсіндіру және оның тарихи тұрғыдан өте маңызды құбылыс екендігін ұғындыру болып табылады», - деді аудандық мәслихат депутаты Шайхы Азанов.
Шара барысында Ш.Азанов латын әліпбиіне көшудегі кем-кетік тұстар мен оның артықшылықтары жайында айтып, студенттердің бірнеше сауалдарына жауап берді.
Айта кетейік, шара соңында белсенді жастар сөз алып, Елбасының латын әліпбиіне көшу бастамасын қолдайтындықтарын жеткізді.