10 Қазан, 2017
Латын әліпбиін пайдалануда бүгіннің өзінде еш кедергі жоқ - А.Қоңыров

Латын әліпбиін пайдалануда бүгіннің өзінде еш кедергі  жоқ , деп мәлімдеді ҚР Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров Ruh.kz порталының тілшісіне  берген сұхбатында.



«Менің ойымша, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу бүгінгі күннің маңызды мәселесі болып табылады. Әр істе стандарттар өте маңызды. Өзіміз көріп отырғандай осы стандарттарда қоғамның басым көпшілігінің ұсыныстары ескеріліп, барынша қолайлырақ, әрі дұрыс үлгі жасалған. Жасыратыны жоқ, қазақ тілі латын қаріпіне көшірілетін болса мүмкіншілігі артып, әлемдік мәдени және ғылыми ортаға белсендірек ене бастайды.  Латын әліпбиіне көшу кезең-кезеңімен, жеңіл жүзеге асырылады», - деді Айқын Қоңыров



Халық қалаулысының айтуныша, бүгіннің өзінде қазақстандықтардың басым бөлігі латын әліпбиін күнделікті өмірде паладанып келеді.



Бүгіннің өзінде қазақстандықтардың басым бөлігінің  латын әліпбиін қолдануда еш қиналмайды. Себебі, 25 жыл бойы әлемдік қауымдастықпен интеграциялану арқылы, яғни латын әліпбиі экономика, мәдени, ғылыми салаларда жиі пайдаланылатын болғандықдан бүгінде оны игеріп алған. Жалпы, датын әліпбиін пайдалануда бүгіннің өзінде еш кедергі  жоқ», - деп түйіндеді депутат.



Естеріңізге сала кетейік, күні кеше ғана Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының мүшелерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысына қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленген https://www.google.com/url?hl=ru&q=http://www.akorda.kz/upload/media/files/c8b0398f0e9d4ed15f7f8fa4c804eb9b.docx&source=gmail&ust=1507720422880000&usg=AFQjCNF7BsgiJtoHODvH7rBsIqadZBSW2Q" href="http://www.akorda.kz/upload/media/files/c8b0398f0e9d4ed15f7f8fa4c804eb9b.docx" target="_blank">қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы ұсынылды.


ruh.kz
parlam.kz