27 Мамыр, 2018
«Латын әліпбиіне көшу - болашаққа бастар бағыт»

2018 жылдың 23 мамыр күні Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармониясында Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы «Латын әліпбиіне көшу – болашаққа бастар бағыт» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.


Аталған конференцияға Қостанай облысы мәслихатының хатшысы С.Ещанов, Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Мелдешов, А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры Қажыбек Ерден Задаұлы, профессор Әлімхан Жүнісбекұлы, солтүстік өңірлердің өкілдері және ғалымдары, БАҚ, зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары және мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.



Конференцияның мақсаты – қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіруді ілгерілету, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және оның болашағын жарқын ету, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары және ақпараттық  топтар арқылы жергілікті жерлерде  халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.



 



 



 



 



 



 


ruh.kz
Қостанай ақпарат