30 Наурыз, 2018
Латын кәріпіне көшуге дайынбыз!

Ақмолалық педагогтар латын графикасына көшуге дайын


Көкшетау қаласында «Латын графикасына көшу - оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту құралы» тақырыбында практикалық семинар өтті, деп хабарлайды Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасы. Бұл семинар Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің негізінде өткізілді. Практикалық семинарға аталмыш коледждың оқытушылары, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті филологтары, облыстың мектептерінен жиналған пән оқытушылары қатысты.



Латын қарпіне көшу – бұл Қазақстан үшін тарихи қажеттілік,  әлемдік ғылыми және технологиялық процестерге қосылудың тағы бір жолы.



Латын жазуына көшуде терең логика бар: бұл заманауи  технологиялармен, ортамен және коммуникациялармен, сондай-ақ XXI ғасырда оқыту және ғылыми процестердің ерекшеліктерімен байланысты. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің  ғалым – филологтарымен кездесу аясында заманауи Қазақстанның тарихында осындай іргелі оқиғаларың әдіснамалық аспектілері және негізгі міндеттері айтылды.



Облыс педагогтары латын графикасына көшу жағдайында тілдерді оқыту әдістемесін алдын ала дайындаудың және әлемдік ақпараттық кеңістікке шығудың   негізгі жолдарымен танысты. Қазір әлемде тілдерді жеңілдету үшін барлық жағдай жасалуда. Қазақ тілінде әлемнің кез-келген нүктесінде тұрып кез-келген гаджетте жазуға болады. Бұл заманауи әлемде шоғырлануға мүмкіндік беретін жалпы латын графикасының арқасында батыс тілдерді жеңіл игеруге ықпал ететін болады.



Әлемде ақпараттың 80 пайызы латын графикасын қолдана отырып жариялануда. Оған көшу жастарға жаңа тілдерді, оның ішінде ағылшын тілін меңгеруге мүмкіндік береді. Ж.Мусин атындағы колледждің педагогтарымен осы бағытта әдістемелік әзірлемелер ұсынылды.



Педагогтар латын графикасына көшу бойынша студенттерді оқыту жұмыс тәжірибесімен алмасты, ал Ақмола мемлекеттік мұрағатының қоры бойынша көрме презентациясы өтті.



 


ruh.kz
Ақмолалық педагогтар Латын графикасына көшу - оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту құралы» атты практикалық семинарында