16 Қараша, 2017
Латын қарпі болашақ келешегі (ФОТО)

ШҚО Зырян ауданының жастар ресурстық орталығы Жастар Мәслихатының депутаттарымен бірлесіп «Латын қарпі – болашақ келешегі» ақциясын өткізді.



Аталған акцияға Зырян қаласының жастары «Латын қарпіне көшу – жастар келешегі», «Біз жарқын болашақ үшін», «Қазақстанның болашағы біздің қолымызда» ұрандарымен шықты. Жалпы, бұл игі іс Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшуі туралы Жарлығын қодауға бағытталды.





Акция барлық жерде, Серебрянск қаласында, сондай-ақ Зырян ауданының барлық ауылдық округтерінде өтті. Акцияға Зырян қаласының жастары «Латын қарпіне көшу – жастар келешегі», «Біз жарқын болашақ үшін», «Қазақстанның болашағы біздің қолымызда» ұрандарымен жас ұрпақты латын қарпіне көшуді қолдауға шақырып, шықты.





«Бұл заманауи қоғамдағы өте парасатты мерзімді қадам. Бұл бүгінгі уақыт талабы. Заманауи технология әлемінде – бұл коммуникацияның және білімнің жаңа мүмкіндіктері, тілдесу шекарасын кеңейту», - деп акцияға қатысушылар қазақ тілінің латын графикасына көшуі туралы бастамаға қолдау көрсетті. 


ruh.kz
Зырян аудандық әкімдігі