16 Қараша, 2018
Латын қарпіндегі жалпыхалықтық диктант жазу шарасы өтті

Елімізде  Жалпыхалықтық диктант  өтті. Бұл іс-шараны Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бастама жұмыстары болып табылады. Мәдениет және спорт министрлігінің ақпараты бойынша, республика болып өткен бұл шараға шамамен 1,5 млн қазақстандық қатысады.


Диктант  республика бойынша бір уақытта 14 қараша сағат 11:00 де басталып, жазып шығуға 30 минут берілді. Жалпыxалықтық диктантты өткізудің негізгі мақсаты – латын графикасындағы қазақ әліпбиін кеңінен наслиxаттау және тарату, республика азаматтары арасында жаңа әліпбиді меңгерудің практикалық дағдыларын қалыптастыру.



Іс-шараға жасы 15 толған еліміздің барлық тұрғындары қатысуға мүмкіндігі болды. Диктанттың тақырыбы  «Рухани жаңғыру».  Қазақстан Республикасының белгілі қоғам қайраткерлері, жазушылар, ғалымдар, спортшылар, сонымен қатар мәдениет және өнер саласының тұлғалары мен журналисттер  осы шараға қатысып латын қаріпінде диктант жазды.




«Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 «Қазақ тілі әлібиін кириллициядан латын графикасына көшіру» жарлығын іске асыру шеңберінде  міне, барлығымыз жиналып отырмыз. Бүгін көптеген бізден бөлек спортшылар қатысып отыр, соның ішінде күрестен әлемнің бірнеше дүркін чемпиондары – Максим Раков пен Азамат Мұқанов қатысты. Оларға жеке алғысымызды білдіреміз «рақмет». Біздің  соңғы қабылдаған нұсқасы  қаріп өте ыңғайлы»,- дейді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы барлық қатысушыларға сәттілік тілеп.




Қоғам қайраткерлері мен лауазымды тұлғалардың арасында, қазақтың ең атақты опера әншiсi Майра Мұхамедқызы латын қарпіне көшудің Қазақстан Республикасы үшін аса зор әсері бар екенін айтып, өз басы еш қиындықсыз жазғанын айтты.  Диктант соңында қатысушыларына нәтижесін орнында тексеру үшін, пернетақтаға мәтін шығарылды.  



«Рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаланың дұрыс нұсқасы шығарылып, қатысушылар өздерінің жұмыстарымен салыстырды.  


Ruh.kz
Abai.kz